Уақытша тұруға рұқсат дегеніміз не?

Инструкция

Уақытша тұруға рұқсат (УТР) – шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұруға мүмкіндік беретін құжат.

УТР 1 жылға дейінгі мерзімге беріледі және ұзартылуы мүмкін.

УТР келесі негіздер бойынша беріледі:

  • Отбасын біріктіруге байланысты.
  • Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін.
  • Қазақстанның білім беру ұйымдарында білім алу үшін.
  • Қазақстанның медициналық ұйымдарында стационарлық ем қабылдау үшін.
  • Миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін.
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін (бизнес-иммигранттар үшін).
  • Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген иммигранттар үшін.
  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына жүгінген иммигранттар үшін.

Шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға тиіс. Бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығы Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 80-бабына сәйкес нотариуспен куәландырылады.

Елдер:

Әзербайжан, Армения, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы, Беларусь, Өзбекстан, Ресей Федерациясы.

 

Дата обновления - 31.07.2026
Справочная информация
"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы"
53911