«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуге арналған құжаттарды қабылдауды бастады. Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 17 қазанға дейін жүргізіледі.
Іріктеу қағидаларына сәйкес, үміткерлер оқуы, тіл оқыту курстарынан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізіміне кіретін шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының базасында, сондай-ақ танымал әлемдік ғылыми-зерттеу орталықтарында, зерттеу науқандары шеңберінде ғылыми ұйымдарда, салалық ұйымдарда және өндірісте 12 айға дейінгі мерзіммен тағылымдамадан өте алады.
Осы материалда шетелде тағылымдамадан өтуге кім өтініш бере алатынын және конкурстық іріктеу қалай жүріп жатқанын қарастырамыз.
ҚАЗТЕСТ – Қазақстан азаматтарының және Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асыратын шетел азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі.
ҚАЗТЕСТ мазмұндық құрылымы 5 блоктан тұрады:
Әр блок бойынша сертификат алу үшін шекті балл - 60% (тыңдау - 12, лексика-грамматикалық құрылым – 24, оқу – 24, жазу – 30 балл, сөйлеу – 30 балл) жинау қажет.
Ұлттық тестілеу орталығының ғимаратында өтеді. Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау құны - 8 263 теңге.
Стипендия тағайындалғаннан кейін мыналар қажет: 1) Тағылымдамадан өту туралы шарт жасасу үшін Нормативтік құқықтық және шарттық қамтамасыз ету басқармасына жүгіну. Шарт жасасу рәсімі бойынша кеңесті мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 76-90-76 (ішкі 181, 183, 184).
Келісім-шарт жасалғаннан кейін Сіз кураторға хабарласуыңыз керек:
Америка, ТМД және Океания басқармасы 8 (7172) 76-90-76 (ішкі.нөмір 120, 121, 122, 123)
Еуропа және Азия басқармасы 8 (7172) 76-90-76 (ішкі. нөмір 130, 131, 133, 134).
Тағылымдамадан өтетін үміткерлерде мыналар:
Аса маңызды! Стипендиаттар кепілге мүлік қоймайды. Екі кепілгер ұсынса жеткілікті, кепілгер ретінде жас мөлшері 50 жасқа дейінгі және соңғы 12 айда тұрақты табысы бар Қазақстан азаматы бола алады.
Тағылымдамаға құжаттарды қабылдау 3 наурызда басталды, оларға өтінімдер 2025 жылғы 17 қазанға дейін қабылданады.
Тағылымдамадан өту бағдарламасы үшін бекітілген құжаттар тізімі бар. Құжаттар Egov.kz электрондық порталы арқылы беріледі:
2025 жылы шетелде тағылымдамадан өту үшін мынадай санаттар бекітілді:
Тағылымдамадан өту үшін басым мамандықтар тізіміне 183 мамандық кіреді.