Стипендия тағайындалғаннан кейін мыналар қажет: 1) Тағылымдамадан өту туралы шарт жасасу үшін Нормативтік құқықтық және шарттық қамтамасыз ету басқармасына жүгіну. Шарт жасасу рәсімі бойынша кеңесті мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 76-90-76 (ішкі 181, 183, 184).
Келісім-шарт жасалғаннан кейін Сіз кураторға хабарласуыңыз керек:
Америка, ТМД және Океания басқармасы 8 (7172) 76-90-76 (ішкі.нөмір 120, 121, 122, 123)
Еуропа және Азия басқармасы 8 (7172) 76-90-76 (ішкі. нөмір 130, 131, 133, 134).
- Одан әрі виза алу және шетелдік оқу орнына демеушілік растамасы ретінде ұсыну үшін қажетті ресми құжат – кепілдік хатты (КХ) алу жөнінде өтініш беру қажет. КХ мемлекеттік қызмет болып табылатындықтан, өтінішті Қоғамға жеке өзі немесе сенім білдірілген тұлға арқылы тапсырады;
- Шетелге шығуға дейін мультивалюталық төлемдік банк картасын рәсімдеп, карт-шот деректерін Қаржылық қамтамасыз ету басқармасына жолдау қажет;
- Виза алғаннан кейін оның сканерленген көшірмесін кураторға жолдап, сондай-ақ Қаржылық қамтамасыз ету басқармасына +7 (7172) 76 90 76 (ішкі 200, 223) телефоны арқылы хабарласып, виза, медициналық сақтандыру, әуе билеттері бойынша шығындарды өтеу және аванстық төлемдерді рәсімдеу қажет;
- Стипендия мөлшері Стипендиаттың нақты орналасқан және оқитын орны, тағылымдамадан өтуі, тілдік курстардан өтуіне байланысты шығын нормаларына сәйкес, жеке оқу жоспарына сай есептеледі. Тұру және тамақтану бойынша ай сайынғы төлемдер алдыңғы айдың 25-інен бастап ағымдағы айдың 5-іне дейін жүргізіледі;
- Оқу еліне келгеннен кейін Стипендиат кураторға оқу орнындағы мәртебесі мен академиялық үлгерімі туралы ақпарат беруге рұқсат (Release Form) және оқу еліндегі өзекті байланыс деректері көрсетілген сауалнаманы жолдауы қажет;
- Оқу басталған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының тиісті шетелдік мекемесіне тіркеліп, тіркелген күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде бұл туралы Қоғамға хабарлау қажет;
- Оқу басталған күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде Стипендиат бекіту үшін Қоғамға жеке оқу жоспарын ұсынуы тиіс;
- Оқу барысында Стипендиат әрбір оқу орны белгілеген аралық оқу кезеңі (семестр, триместр немесе оқу жылы) аяқталғаннан кейін Қоғамға академиялық үлгерім туралы үзінді көшірме, аралық есеп және тағылымдама жетекшісінің пікірін ұсынуы қажет;
- Оқу аяқталған күннен бастап 30 күн ішінде Қазақстан Республикасына оралып, Қоғамға Қазақстан Республикасына кіру мөрі қойылған паспорт көшірмесін, оқу аяқталғаны туралы өтінішті, сондай-ақ берілген дәреже туралы диплом мен оқу кезеңінің транскриптін мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге тапсыру қажет.