Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті қалай беруге болады?

Инструкция

Тағылымдамаға құжаттарды қабылдау 3 наурызда басталды, оларға өтінімдер 2025 жылғы 17 қазанға дейін қабылданады.

Тағылымдамадан өту бағдарламасы үшін бекітілген құжаттар тізімі бар. Құжаттар Egov.kz электрондық порталы арқылы беріледі:

  1. жеке куәлік және төлқұжат;
  2. шетелдік ұйымнан шартсыз шақыруды растайтын құжат. Құжатта мыналар болуы тиіс: үміткер туралы дерек, мамандық, тағылымдама мерзімі, құны (толық есептеулері жазылған). Құжат мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады;
  3. жұмыс берушінің жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға өтінімі;
  4. қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы. Шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда – білім туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәлік немесе білім туралы құжатты тану туралы өзге де құжат;
  5. белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат; 
  6. белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар қазақ тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат; 
  7. шетелге шығатындар үшін 072/у нысандағы медициналық анықтама;
  8. еңбек қызметін растайтын құжат, сондай-ақ еңбек қызметінің талап етілетін кезеңі үшін аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді;
  9. тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйым бекіткен тағылымдамадан өту бағдарламасы. Құжат қазақ және орыс тілінде нотариус куәландырған аудармасымен ұсынылады; 
  10. уәждемелік хат – қазақ немесе орыс тілінде көлемі 500 сөзден аспайтын, еркін нысанда жазылған эссе, онда үміткер таңдаған жоғары оқу орнын және оның осы саладағы артықшылықтарын, осы стипендияны алуының қажет екенін және таңдаған бағыт бойынша алған білімінен күтетін нәтижені және оны кейіннен практикада қолдануын негіздейді. Уәждемелік хаттың соңында толтырылған күні мен жеке қол міндетті түрде қойылуы керек.
Дата обновления - 12.08.2025
Справочная информация
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ"Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы
5582