Сіз Қазақстан азаматы болғыңыз келеме

Жүктеу

Қазақстанның азаматымен некеде тұрған шетелдік азаматша азаматтықты қалай ала алады

Қазақстанда заңды негізде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрған шетел азаматшасы заңнамада және Некеде тұрған әйелдің азаматтығы туралы конвенцияда көзделген жағдайларда азаматтыққа жеңілдетілген тәртіппен қабылдау туралы өтініш бере алады.

Қайда жүгіну қажет?

Тұрақты тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметі бөлімшесіне.

Негізгі құжаттар:

  1. Сауалнама-өтініш.

  2. Бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы нотариат куәландырған өтініш.

  3. Белгіленген өлшемдегі фотосуреттер.

  4. Азаматтық туралы заңнаманың талаптарын сақтау жөніндегі міндеттеме.

  5. Жеке басын және шетел азаматтығын куәландыратын құжат.

  6. Неке қию туралы куәлік.

  7. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жұбайының жеке басын куәландыратын құжат.

  8. Мемлекеттік баждың төленгенін немесе оны төлеуден босатылғанын растайтын құжат.

Қарау мерзімі — үш айға дейін.

Маңызды! Қазақстан азаматымен некеге тұру автоматты түрде азаматтық алуға әкелмейді. Өтініш беріп, белгіленген талаптарға сәйкес келу қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:11537
  1. Қазақстанның азаматымен некеде тұрған шетелдік азаматша азаматтықты қалай ала алады