Сіз Қазақстан азаматы болғыңыз келеме
ЖүктеуҚуғын-сүргін құрбандары және олардың ұрпақтары азаматтықты қалай ала алады
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңның талаптарына сәйкес келетін жаппай саяси қуғын-сүргіндердің ақталған құрбандары мен олардың ұрпақтары азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен алу үшін өтініш бере алады.
Қайда жүгіну қажет?
Тұрақты тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметі бөлімшесіне.
Негізгі құжаттар:
-
сауалнама-өтініш;
-
бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы нотариат куәландырған өтініш;
-
белгіленген өлшемдегі фотосуреттер;
-
өмірбаян;
-
азаматтық туралы заңнаманың талаптарын сақтау жөніндегі міндеттеме;
-
жеке басын және азаматтығын куәландыратын құжат;
-
ақтау туралы сот шешімі немесе ұрпақтардың тиісті санатына жататынын растайтын құжаттар;
-
мемлекеттік баждың төленгенін немесе оны төлеуден босатылғанын растайтын құжат.
Қарау мерзімі — үш айға дейін.
Маңызды! Жеңілдетілген тәртіпті қолдану үшін заңнамада көзделген мән-жайларды растау қажет. Қуғын-сүргінге ұшыраған адаммен туыстық қатынасы бар екені туралы өтініштің өзі жеткіліксіз.
