Сіз Қазақстан азаматы болғыңыз келеме
ЖүктеуРесей, Беларусь және Қырғызстан азаматтарына азаматтықты қалай алуға болады
Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының және Қырғыз Республикасының азаматтары тиісті халықаралық келісімде көзделген негіздер болған жағдайда Қазақстан азаматтығын алудың жеңілдетілген тәртібін пайдалана алады.
Негізгі шарттар
Өтініш беруші Қазақстанға тұрақты тұруға келуі және келісімде көзделген шарттардың біріне сәйкес келуі тиіс, мысалы:
-
бұрын тиісті одақтас республиканың және бұрынғы КСРО-ның азаматтығында болуы, сондай-ақ 1991 жылғы 21 желтоқсанға дейін азаматтығын алатын мемлекеттің аумағында тууы немесе тұруы;
-
келісімде көзделген, Қазақстанда тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жақын туысының болуы.
Қайда жүгіну қажет?
Тұрақты тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметі бөлімшесіне.
Негізгі құжаттар:
-
сауалнама-өтініш;
-
бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы нотариат куәландырған өтініш;
-
белгіленген өлшемдегі фотосуреттер;
-
өмірбаян;
-
азаматтық туралы заңнаманың талаптарын сақтау жөніндегі міндеттеме;
-
өтініш берушінің жеке басын және азаматтығын куәландыратын құжат;
-
жеңілдетілген тәртіпті қолдану құқығын растайтын құжаттар;
-
мемлекеттік баждың төленгенін немесе оны төлеуден босатылғанын растайтын құжат.
Туу, неке және туыстық қатынастар туралы құжаттар тиісті негізді растау қажет болған жағдайда ұсынылады.
Қарау мерзімі — үш айға дейін.
Маңызды! Ресей, Беларусь немесе Қырғызстан азаматтығының болуы өздігінен жеңілдетілген тәртіпті қолдануға сөзсіз құқық бермейді. Халықаралық келісімнің талаптарына сәйкес келу қажет.
