Сіз Қазақстан азаматы болғыңыз келеме

Жүктеу

Қазақстан Республикасының азаматы кім және қалай бола алады

Қазақстан Республикасының азаматтығы:

  • тууы бойынша;

  • азаматтыққа қабылдау нәтижесінде;

  • Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша;

  • заңнамада белгіленген өзге де негіздер бойынша алынады.

Жалпы белгіленген тәртіп

Қазақстан Республикасының азаматтығына мынадай адамдар қабылдануы мүмкін:

  1. Қазақстан аумағында кемінде бес жыл үздіксіз тұрақты тұратын адамдар.

  2. Қазақстан Республикасының азаматымен кемінде үш жыл некеде тұрған адамдар.

  3. Қазақстанға тұрақты тұруға келген және заңда көзделген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жақын туыстары бар бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары.

Адамдардың жекелеген санаттары үшін заңнамада тұру мерзіміне қойылатын жалпы талаптардан ерекшеліктер көзделген.

Жеңілдетілген тәртіп

Жеңілдетілген (тіркеу) тәртібі «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңда және халықаралық шарттарда көзделген санаттарға, белгіленген талаптар сақталған жағдайда, оның ішінде мынадай адамдарға қолданылады:

  • қандастарға;

  • жаппай саяси қуғын-сүргіндердің ақталған құрбандарының жекелеген санаттарына және олардың ұрпақтарына;

  • Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алып жатқан этникалық қазақтарға;

  • Қазақстан Республикасы азаматтарының жесірлеріне;

  • тиісті халықаралық шарттар қолданылатын мемлекеттердің азаматтарына;

  • заңнамада көзделген жағдайларда Қазақстан азаматтарымен некеде тұрған шетелдік әйелдерге.

Қарау мерзімдері

  • Жалпы белгіленген тәртіппен — алты айға дейін.

  • Жеңілдетілген (тіркеу) тәртібімен — үш айға дейін.

Маңызды! Жеңілдетілген тәртіп азаматтықты автоматты түрде алуды білдірмейді. Өтініш беруші заңда көзделген талаптарға сәйкес келуі және қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс.

Жаңарту күні: Көру саны:46708
  1. Қазақстан Республикасының азаматы кім және қалай бола алады