Кәсіпкер әйелдер «Іскерлік байланыстар» құралының қызметтерін пайдалана алады. Аталған құрал халықаралық шетелдік ұйымдардың (ХШҰ) қолдауымен шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнату арқылы ШОБ субъектілерін қолдауға бағытталған.
Қатысу критерийлері:
Құралға қатысушылар ретінде келесі талаптарға сәйкес келетін ШОБ субъектілерінің жоғары буын басшылары болып табылатын әйелдер қатыса алады:
– кәсіпорынның орташа жылдық табысы кемінде 10 000 (он мың) айлық есептік көрсеткіш болуы;
– кәсіпкердің салалық қызметінің қабылдаушы тараптың мүмкіндіктеріне сәйкестігі.
Құрал нені қамтиды:
«Іскерлік байланыстар» құралы шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өтуді, ұқсас бейіндегі кәсіпорындарға баруды және келесі бағыттар бойынша байланыстар орнатуды көздейді:
– технологиялар трансферті және заманауи жабдықтарды сатып алу;
– тауарлар, жұмыстар және қызметтерді өзара жеткізу;
– франшизалар сатып алу;
– бірлескен кәсіпорындар құру.
Серіктестер: GIZ (Германия) және JICA (Жапония).
Іріктеу тәртібі мен шарттары:
Тағылымдама нәтижелері:
Тағылымдама аяқталғаннан кейін қатысушы 2 ай ішінде операторға алынған нәтижелер, орнатылған байланыстар және өз кәсіпорнын дамыту жоспарлары (тәжірибені енгізу, жаңа жобаларды іске қосу) туралы ақпарат беруге міндетті.
Қосымша ақпарат алу үшін Өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе байланыс орталығына хабарласуға болады: кез келген қаладан – 1432, Қазақстан бойынша – 8-800-080-80-10 (қоңырау шалу тегін).