Кәсіпкер әйелдер «Кәсіпкерлік қызмет жүргізуді сервистік қолдау» құралының қызметтерін пайдалана алады. Аталған құрал шеңберінде экономиканың барлық секторларында қызмет ететін ШОБ субъектілерін қолдауға арналған екі түрдегі мамандандырылған қызметтер өтеусіз негізде ұсынылады.
Экономиканың барлық секторларында қызмет ететін ШОБ субъектілеріне сервистік қолдау шеңберінде келесі қызмет түрлері көрсетіледі:
- бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты көрсетілетін қызметтер, ол:
- бухгалтерлік және салықтық заңнама мәселелері бойынша консультацияларды;
- бастапқы құжаттарды өңдеу, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да аударымдарды есептеу мәселелері бойынша консультацияларды;
- бухгалтерлік есепке алу бойынша консультацияларды;
- «1С:Бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыс бойынша консультацияларды;
- салықтық есептерді дайындау және тапсыру бойынша консультацияларды;
- бөгде ұйымдар үшін қаржылық қызмет бойынша қосымша есептер жасау бойынша консультацияларды;
- салықтық және статистикалық есептер дайындауды қамтиды;
- Бизнес-жоспарды әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер, ол:
- бизнес-жоспарды әзірлеу үшін ақпарат жинау бойынша консультацияларды;
- бизнес-жоспарды әзірлеу бойынша консультацияларды
- бизнес-жоспар әзірлеуді;
- тауарларды және (немесе) жұмыстарды, және (немесе) көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жоспарын талдау бойынша консультацияларды;
- тауарларды және (немесе) жұмыстарды, және (немесе) көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жоспарын талдау бойынша әзірлемені қамтиды.
Кәсіпкерлерге сервистік қолдау көрсету өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы жергілікті жерлерде – облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада қажеттілікке сәйкес жүзеге асырылады, ал онлайн режимде – қаржылық емес қолдау операторының веб-порталы (G4B.kz) арқылы ұсынылады.
Қосымша ақпарат алу үшін Өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе байланыс орталығына хабарласуға болады: кез келген қаладан – 1432, Қазақстан бойынша – 8-800-080-80-10 (қоңырау шалу тегін).
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының байланыстары