Емханаға тіркелу медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде медициналық көмек алу үшін қажет.
Бұл ретте шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмекке тікелей жүгіну үшін МСАК дәрігерінің жолдамасы талап етілмейді.
eGov.kz порталы арқылы емханаға қалай тіркелуге болады?
eGov.kz электрондық үкімет порталында авторизациядан өтіңіз.
«Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін табыңыз.
Тіркелудің белгіленген қағидаларына сәйкес медициналық ұйымды таңдаңыз.
Электрондық өтінішті толтырыңыз.
Сұрау салуды жіберіңіз.
Жеке кабинетіңізден тіркелгеніңіз туралы хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды алыңыз.
Маңызды! Стоматологиялық ұйымды таңдаған кезде оның пациенттің тиісті санаты үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде тегін стоматологиялық көмек көрсететінін бөлек нақтылау қажет.