Стоматологиялық көмекті емханалар жанындағы стоматологиялық кабинеттен де, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан жеке стоматологиялық клиникалардан да алуға болады.
Учаскелік дәрігерден жолдама талап етілмейді.
Стоматологиялық клиникалардың нақты тізімін қордың ресми сайтынан табуға болады msqory.kz бөлімде (басты-жеткізушілерге-медициналық қызметтерді сатып алу шартын орындау-ережелер мен құжаттар – 7. Стоматологиялық қызмет көрсетушілердің тізбесі)
Сондай-ақ, 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.