Емханаға қалай қосылуға болады?

Инструкция

Сіз бір әкімшілік-аумақтық бірлік (ауыл, кент, қала, аудандық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар, астана) шегінде МСАК (медициналық - санитарлық алғашқы көмек) ұйымын еркін таңдау құқығын ескере отырып, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға тіркеле аласыз.

Емханаға электронды үкімет порталы арқылы онлайн жазылуға болады. Бұл ретте, Сізге МСАК (медициналық - санитарлық алғашқы көмек) ұйымының ЭЦҚ қол қойылған «Жеке кабинетке» электрондық құжат нысанындағы тіркеме (талон) немесе дәлелді бас тарту туралы хабарлама келеді.

Дата обновления - 09.06.2022
Справочная информация
• Қазақстан Республикасының емханалары
847