Қағидаларға сәйкес балаларға арналған тегін ави ұшуды алу үшін туристер туристік өнімді сатып алуға арналған ішкі туризм саласындағы туроператорға жүгінуі және Қазақстан Республикасының барлық аумағында жоспарлы демалуы қажет. Тегін авиа ұшу ішкі туризм саласындағы туроператордың қаражаты есебінен өтеді.
Осы тұрғыда:
Ең бастысы – туржолдамада авиа ұшу мен тұру құны қосылуы тиіс.
МАҢЫЗДЫ: бағдарлама туроператорлардың алдымен әуе билеттерін өз қаражаты есебінен сатып алуын, ал кейіннен бұл шығындарды, туристер әуе сапары фактісін растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, Ережеге сәйкес мемлекет өтеуін көздейді. Ал, туроператорлардың бағдарламаға қатысуы ерікті болып табылады.
Мысалы, 2 ересек адам және 2 кәмелет жасқа толмаған баладан (7 және 10 жас) тұратын отбасы Түркістан қаласында демалуды жоспарлады. Отбасы ішкі туризм саласындағы туроператордан отбасының барлық мүшелері үшін екі жаққа авиа ұшу және тұруды қоса алғанда, құны 500 мың теңге болатын турөнімді сатып алды. Ішкі туризм саласындағы туроператор балаларға арналған тегін авиұшуды ұсынды. Барлығы, турөнім төлемінің сомасы 400 мың теңгені құрады (100 мың теңге мөлшерде балаларға арналған авиұшу құнын азайтқанда)