Ұшу кезінде багажда қиындықтар туындаса не істеу керек?

Жүктеу

Егер багаж жоғалса не істеу керек?

Егер рейс келгеннен кейін тіркелген багажыңызды алмасаңыз немесе оның бүлінгенін не ішіндегі заттардың жетіспейтінін анықтасаңыз, әуежайдағы авиакомпания өкіліне немесе багажды іздестіру қызметіне (Lost & Found) жүгініңіз.

1-қадам. Мәселе туралы хабарлаңыз

Отырғызу талоны мен багаж биркасын көрсетіңіз. Рейс туралы мәліметтерді хабарлап, багажыңызды сипаттаңыз.

2-қадам. PIR актісін ресімдеңіз

Багажды тасымалдау кезіндегі бұзушылық туралы актіні (Property Irregularity Report — PIR) ресімдеуді сұраңыз.

Құжатта байланыс деректеріңіздің, багаж туралы мәліметтердің және мәселенің сипатының дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізіңіз: багаждың кешіктірілуі, бүлінуі, ішіндегі заттардың жетіспеуі немесе жоғалуы.

Актінің көшірмесін немесе оның тіркеу нөмірін сақтаңыз.

3-қадам. Тасымалдаушыға жазбаша өтініш беріңіз

Жағдайға байланысты авиакомпанияға багажды іздестіру, шығындарды өтеу немесе келтірілген залалды өтеу туралы талап жолдаңыз.

Багаждың тасымалданғанын, бұзушылық мән-жайларын және мәлімделген шығындардың мөлшерін растайтын қолда бар құжаттарды қоса тіркеңіз.

PIR актісін ресімдеу тасымалдаушыға жазбаша наразылық беруді алмастырмайтынын ескеріңіз. Қолданылатын заңнамада және халықаралық шарттарда көзделген мерзімдерді сақтаңыз.

Жаңарту күні: Көру саны:702
  1. Егер багаж жоғалса не істеу керек?