Баланы тегін үйірмеге немесе секцияға қалай жазуға болады?

Введение

Қазақстанда мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды жан басына қаржыландыру іске қосылды, яғни қазақстандық балалар үйірмелер мен секцияларға тегін бара алады.

Бару барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және ірі аудан орталықтарында қолжетімді. Осы шара 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған.

Осы материалда баланы тегін үйірмеге немесе секцияға қалай жазуға болатынын қарастырамыз.

Емханаға қалай тіркелуге болады

Сіз бір әкімшілік – аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, Республикалық маңызы бар қалалар, астана) МСАК (медициналық-санитариялық алғашқы көмек) көрсететін ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша емханаға тіркеле аласыз.

Емханаға электрондық үкімет порталы арқылы онлайн тіркелуге болады. Бұл жағдайда Сізге БМСК ұйымының ЭЦҚ қойылған «жеке кабинетке» тіркелу туралы хабарлама (талон) немесе электрондық құжат нысанындағы дәлелді бас тарту келіп түседі.

Қалай мемлекеттік қызметтер көрсетуге өнім беруші бола алады?

Мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысу үшін өнім беруші операторға
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді:

1) жеке кәсіпкер үшін: жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның нөмірі (ӘҚНЖК);

2) спорт секциясының қызметін ұйымдастыруға пайдалану үшін өтініш берушінің меншігіндегі және өзге де заңды негіздегі (пайдалану мерзімі өтініш берілген күнге қарай кемінде 1 жыл) жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар;

3) Өнім беруші бекіткен оқу бағдарламасы;

4) балалармен сабақ өткізуге тартылатын қызметкерлердің тізімі.

Оператор өтінішті тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

Қандай жағдайларда баланы алып тастауға болады?

Ата-аналар сайтқа тіркелген кезде, олар өз қалаларының картасын көреді және тұрғылықты жеріне жақын клубтарды таңдай алады. Баланың ЖСН енгізіп, ваучер алады. Оларға орынға келуге, инфрақұрылыммен танысуға, жаттықтырушымен, үйірме немесе секция жетекшісімен сөйлесуге 10 күн беріледі, сонымен қатар екі тегін сабақ алуға құқылы. Егер оларға бәрі ұнаса, онда олар өз ваучерлерін клубқа береді, ол оны іске қосады және сол күннен бастап балаға ақы төленеді.

Бірақ өнім беруші сонымен қатар баланы бір жақты тәртіпте спорт секциясынан шығаруға құқылы, оның орнын операторға бөлуге береді:

1) мектеп каникулдары кезеңін қоспағанда, дәлелді себепсіз қатарынан 3 рет өткізіп алған сабақтар болған кезде;

2) спорт секциясына бару регламентін сақтамағаны үшін;

3) денсаулық сақтау ұйымы растаған, баламен сабақ өткізуге кедергі келтіретін, баланың медициналық қарсы көрсетілімдері немесе эмоциялық-ерік саласының бұзылыстары болған кезде;

4) шарт талаптары сақталмаған кезде тоқтатылады.

Бала оқудан шығарылған кезде Өнім беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде баланың заңды өкіліне баланың портфолиосын береді.

Ата-ана баласын кезекке қою үшін не істеу керек?

Спорттық секцияға/шығармашылық үйірмеге қатысуға арналған ваучерды алу үшін баланың заңды өкілі өзінің тұрғылықты аймағындағы мемлекеттік тапсырысты жүзеге асырушы ақпараттық жүйе арқылы кезектілікке тұру үшін электрондық форматтағы өтініш жазады (мысалы Damubala.kz).

Бұдан әрі балаға секцияға қабылдау үшін ваучер беріледі (ваучер уникалды нөмірден тұрады, оның ішінде ақпараттық жүйе үшін ваучерды алған бала туралы, баланың қатысатын спорт секциясының/шығармашылық үйірмесінің атауы және балаға бөлінген қаржыландыру сомасы туралы ақпарат тіркелген).

Берілген ваучер туралы ақпарат электрондық форматтағы хабарлама арқылы баланың заңды өкіліне жіберіледі.

Өтінішті тек баланың заңды өкілі өзі ғана жаза алады. Осы талаптың бұзылуы анықталған болса, онда ақпараттық жүйе кезекте тұрған өтініш пен оған берілген ваучердің күшін жояды.

Ваучерде көрсетілген қызмет көрсетуші мен баланың заңды өкілінің арасында спорттық секция/шығармашылық үйірмеге қатысуға байланысты, сонымен қоса ваучердің әрекет ету мерзімі аралығында қызмет көрсету келісім-шарты жасалады.

Қызмет көрсетуші мен баланың заңды өкілі арасындағы келісім-шарт әрбір ваучер бойынша жеке-жеке жасалады.

Баланың заңды өкілі қызмет көрсетушінің біліктілігін, сонымен қоса секциялар мен үйірмелердің қалайша өтетіні туралы бағалау мақсатында, әрі келісім-шартқа қол қою немесе қол қоймау туралы шешім қабылдау мақсатында ваучердің әрекет ету мерзімі ішінде кемінде екі сынақ сабағына қатысуға мүмкіндігі бар.

Келісім-шартқа отыру үшін баланың заңды өкілі қызмет көрсетушіге келесі құжаттарды ұсынады:

  • еркін түрде жазылған спорт секциясына қабылдау туралы өтініш;
  • баланың фотосуреті;
  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • 027/у формасы анықтама;
  • баланың заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Мүмкіндігі шектеулі немесе ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін баланың заңды өкілі қызмет көрсетушіге баланың тиісті мәртебесін растайтын құжатты ұсынады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар немесе мүмкіндігі шектеулі баланы спорт секциясына/шығармашылық үйірмеге қабылдау мүмкіндігін бағалау қызмет көрсетушінің қалауы бойынша анықталады.

Баланы спорттық секцияға/шығармашылық үйірмеге қабылдау келісім-шартқа отырған күннен кейінгі келесі күні жүзеге асырылады.

Қажет болған жағдайда қызмет көрсетуші баланың заңды өкілдеріне алдын ала хабарлап қана сабақ кестесіне өзгерістер енгізеді, топтағы балалардың санын реттейді.

Мемлекеттiк спорттық, шығармашылық және білім беру тапсырыстарының аясында Республика бойынша бiр балаға спорттық секцияға немесе шығармашылық үйiрмеге қатысу үшін, кезекте тұрған баланың заңды өкiлiнiң тек бір ғана өтiнiшiнің болуына мүмкіндік бар.

Спорттық секцияны/шығармашылық үйірмені ауыстырған кезде баланың заңды өкілі қызмет көрсетушіге бұрын берілген кезекке тұруға арналған өтінішін қайтарып алу туралы электрондық өтініш жазып жібереді де, жаңа кезекке тұру үшін қайта өтініш жіберуі қажет.