Қандай жағдайларда баланы алып тастауға болады?

Инструкция

Ата-аналар сайтқа тіркелген кезде, олар өз қалаларының картасын көреді және тұрғылықты жеріне жақын клубтарды таңдай алады. Баланың ЖСН енгізіп, ваучер алады. Оларға орынға келуге, инфрақұрылыммен танысуға, жаттықтырушымен, үйірме немесе секция жетекшісімен сөйлесуге 10 күн беріледі, сонымен қатар екі тегін сабақ алуға құқылы. Егер оларға бәрі ұнаса, онда олар өз ваучерлерін клубқа береді, ол оны іске қосады және сол күннен бастап балаға ақы төленеді.

Бірақ өнім беруші сонымен қатар баланы бір жақты тәртіпте спорт секциясынан шығаруға құқылы, оның орнын операторға бөлуге береді:

1) мектеп каникулдары кезеңін қоспағанда, дәлелді себепсіз қатарынан 3 рет өткізіп алған сабақтар болған кезде;

2) спорт секциясына бару регламентін сақтамағаны үшін;

3) денсаулық сақтау ұйымы растаған, баламен сабақ өткізуге кедергі келтіретін, баланың медициналық қарсы көрсетілімдері немесе эмоциялық-ерік саласының бұзылыстары болған кезде;

4) шарт талаптары сақталмаған кезде тоқтатылады.

Бала оқудан шығарылған кезде Өнім беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде баланың заңды өкіліне баланың портфолиосын береді.

Дата обновления - 24.02.2023
Справочная информация
Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралыБаланы секцияға немесе үйірмеге тіркеуге арналған платформа
797