Ата-ана баласын кезекке қою үшін не істеу керек?

Инструкция

Спорттық секцияға/шығармашылық үйірмеге қатысуға арналған ваучерды алу үшін баланың заңды өкілі өзінің тұрғылықты аймағындағы мемлекеттік тапсырысты жүзеге асырушы ақпараттық жүйе арқылы кезектілікке тұру үшін электрондық форматтағы өтініш жазады (мысалы Damubala.kz).

Бұдан әрі балаға секцияға қабылдау үшін ваучер беріледі (ваучер уникалды нөмірден тұрады, оның ішінде ақпараттық жүйе үшін ваучерды алған бала туралы, баланың қатысатын спорт секциясының/шығармашылық үйірмесінің атауы және балаға бөлінген қаржыландыру сомасы туралы ақпарат тіркелген).

Берілген ваучер туралы ақпарат электрондық форматтағы хабарлама арқылы баланың заңды өкіліне жіберіледі.

Өтінішті тек баланың заңды өкілі өзі ғана жаза алады. Осы талаптың бұзылуы анықталған болса, онда ақпараттық жүйе кезекте тұрған өтініш пен оған берілген ваучердің күшін жояды.

Ваучерде көрсетілген қызмет көрсетуші мен баланың заңды өкілінің арасында спорттық секция/шығармашылық үйірмеге қатысуға байланысты, сонымен қоса ваучердің әрекет ету мерзімі аралығында қызмет көрсету келісім-шарты жасалады.

Қызмет көрсетуші мен баланың заңды өкілі арасындағы келісім-шарт әрбір ваучер бойынша жеке-жеке жасалады.

Баланың заңды өкілі қызмет көрсетушінің біліктілігін, сонымен қоса секциялар мен үйірмелердің қалайша өтетіні туралы бағалау мақсатында, әрі келісім-шартқа қол қою немесе қол қоймау туралы шешім қабылдау мақсатында ваучердің әрекет ету мерзімі ішінде кемінде екі сынақ сабағына қатысуға мүмкіндігі бар.

Келісім-шартқа отыру үшін баланың заңды өкілі қызмет көрсетушіге келесі құжаттарды ұсынады:

  • еркін түрде жазылған спорт секциясына қабылдау туралы өтініш;
  • баланың фотосуреті;
  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • 027/у формасы анықтама;
  • баланың заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Мүмкіндігі шектеулі немесе ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін баланың заңды өкілі қызмет көрсетушіге баланың тиісті мәртебесін растайтын құжатты ұсынады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар немесе мүмкіндігі шектеулі баланы спорт секциясына/шығармашылық үйірмеге қабылдау мүмкіндігін бағалау қызмет көрсетушінің қалауы бойынша анықталады.

Баланы спорттық секцияға/шығармашылық үйірмеге қабылдау келісім-шартқа отырған күннен кейінгі келесі күні жүзеге асырылады.

Қажет болған жағдайда қызмет көрсетуші баланың заңды өкілдеріне алдын ала хабарлап қана сабақ кестесіне өзгерістер енгізеді, топтағы балалардың санын реттейді.

Мемлекеттiк спорттық, шығармашылық және білім беру тапсырыстарының аясында Республика бойынша бiр балаға спорттық секцияға немесе шығармашылық үйiрмеге қатысу үшін, кезекте тұрған баланың заңды өкiлiнiң тек бір ғана өтiнiшiнің болуына мүмкіндік бар.

Спорттық секцияны/шығармашылық үйірмені ауыстырған кезде баланың заңды өкілі қызмет көрсетушіге бұрын берілген кезекке тұруға арналған өтінішін қайтарып алу туралы электрондық өтініш жазып жібереді де, жаңа кезекке тұру үшін қайта өтініш жіберуі қажет.

Дата обновления - 24.02.2023
Справочная информация
Баланы секцияға немесе үйірмеге тіркеуге арналған платформаБалалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралыБалалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
6042