Дербес деректердің тарап кетуі, өкінішке қарай, жиі кездесіп жатады. Пайда көзін табудың жаңа тәсілдерін ойлаудан жалықпайтын алаяқтар дербес деректерді қолға түсіруге тырысып бағады.
Бұл материалдан сіз өзіңіз туралы ақпаратты қалай қорғауға болатындығын және киберқылмыскерлердің алаяқтарының құрбаны болмауды үйренесіз.
Дереккөз – Fingramota.kz сайты ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында іске асырылатын.
Шын мәнінде, бүкіләлемдік желіде сізге және сіздің әмияныңызға айтарлықтай залал келтіретін, сіз туралы еркін түрде табуға болатын деректер әлі де жеткіліксіз. Алайда, олар сізді жаңылыстырып, өздеріне жетпей тұрған мәліметтерді сіздің өз еркіңізбен беруіңізге мәжбүрлей алатын әлеуметтік инженерия әдістерін қолданатын алаяқтарға көмегін тигізеді.
Адамдардың көбі алаяқтар шоттардың және банк карталарының деректерін біліп алу үшін, өздерін банк қызметкері ретінде таныстыратындарын біледі. Бұл жағынан оларға сол желіде «тарап жүрген» ақпарат нағыз көмек болмақ. Әлбетте, сізді аты-жөніңізбен толық атап, сіздің туған жылыңыз бен күніңізді немесе жеке куәлігіңіздің нөмірін біліп, айтып тұрса, хабарласып тұрған адамға деген сенім еріксіз арта түспек.
Тағы да еске сала кетейік, банк қызметкерлері ешқашан сізге сіздің тарапыңыздан алдын ала әрекет жасамай қоңырау шалмайды, сондықтан қандай да бір мәліметті растау немесе нақтылау туралы мұндай диалогты дереу тоқтатқан дұрыс.
Алайда, алаяқтар басқа да тәсілдерді қолданулары мүмкін. Егер қаскөйлер кем дегенде сіздің картаңыздың нөмірін немесе электрондық поштаңызды білсе, олар «Сіздің №__ картаңызға өтемақы тиесілі». Сілтеме бойынша өтіңіз және оны алу үшін смс-хабарламамен келген кодты енгізіңіз» деген хабарлама жіберуі мүмкін. Бұл жағдайда сіз өз қолыңызбен ақшаңызға қол жеткізуге мүмкіндік бердіңіз деп айту артық болар.
Алаяқтар түрлі «аңыз оқиғаларды» айтудан жалықпайды. Алайда, бір фактіні естен шығармау қажет – сіздің «көмегіңізсіз» бірде бір алаяқ сіздің шотыңызға қол жеткізе алмайды. Статистика бойынша банк карталарымен алаяқтық фактілерінің 95%-дан астамы пайдаланушылар өз беттерінше қаскөйлерге жетіспей тұрған ақпаратты: смс-пен келетін кодтарды, банк картасының CVV-кодтарын және қолданыс мерзімін, жеке кабинеттің паролін айтып береді. Осылайша, адамдар жинаған қорларынан шоттарын хакерлердің бұзулары салдарынан емес, өздерінің аңғалдығы мен сенімшілдігіне байланысты айырылып жатады.
Есіңізде болсын, егер клиент құпия ақпаратты алаяқтарға өзі берсе немесе оның көмегімен үшінші тұлғалар басқа адамдардың шоттарына ақша аударса, банктер шығындарды өтемейді.
Кейде қаскүнемдер бұзу, мысалы, сауда компанияларының, сервис орталықтарының, тіпті мейманханалар мен тасымалдаушылардың желілерін бұзу арқылы сіздің деректеріңізді алып алады. Олардың ресурстары банктік ресурстарға қарағанда әлдеқайда нашар қорғалған. Сонымен қатар, адамның әлеуметтік желілердегі аккаунтын немесе электрондық поштасын бұза отырып, ол туралы, сондай-ақ оның таныстары жайында өте көп мәлімет білуге болады.
Кейбір тұтынушылар өздерінің деректерін, телефон нөмірлерін және карталарының деректемелерін жалған байқаулардың, лотереялардың және пікіртерімдердің парақшаларында немесе нағыз қаржы ұйымдарының, дүкендердің және басқа компаниялардың жалған сайттарында енгізеді.
Алаяқтар бағдарламалық қамтылымды құжаттарды қолдан жасау және әртүрлі хабарламаларды имитациялау үшін қолдана алады. Егер сіздің ақпаратыңыз қандай да бір жолмен қаскүнемдердің қолына түссе, олар жалған хат жіберуі мүмкін, мысалы, салық немесе прокуратурадан болуы мүмкін, оны сізге электрондық пошта арқылы немесе мессенджерлер арқылы жіберуі мүмкін, содан кейін алаяқ сізге жеке өзі қоңырау шалып, қорқытып, бопсалап, «жақсылықпен келісуді» ұсынады.
Қарапайым ережелер сіздің деректеріңізді қорғауға көмектеседі, оларды сақтау маңызды: