Егер деректер мәлім болған жағдайда

Инструкция

Шын мәнінде, бүкіләлемдік желіде сізге және сіздің әмияныңызға айтарлықтай залал келтіретін, сіз туралы еркін түрде табуға болатын деректер әлі де жеткіліксіз. Алайда, олар сізді жаңылыстырып, өздеріне жетпей тұрған мәліметтерді сіздің өз еркіңізбен беруіңізге мәжбүрлей алатын әлеуметтік инженерия әдістерін қолданатын алаяқтарға көмегін тигізеді.

Адамдардың көбі алаяқтар шоттардың және банк карталарының деректерін біліп алу үшін, өздерін банк қызметкері ретінде таныстыратындарын біледі. Бұл жағынан оларға сол желіде «тарап жүрген» ақпарат нағыз көмек болмақ. Әлбетте, сізді аты-жөніңізбен толық атап, сіздің туған жылыңыз бен күніңізді немесе жеке куәлігіңіздің нөмірін біліп, айтып тұрса, хабарласып тұрған адамға деген сенім еріксіз арта түспек.

Тағы да еске сала кетейік, банк қызметкерлері ешқашан сізге сіздің тарапыңыздан алдын ала әрекет жасамай қоңырау шалмайды, сондықтан қандай да бір мәліметті растау немесе нақтылау туралы мұндай диалогты дереу тоқтатқан дұрыс.

Алайда, алаяқтар басқа да тәсілдерді қолданулары мүмкін. Егер қаскөйлер кем дегенде сіздің картаңыздың нөмірін немесе электрондық поштаңызды білсе, олар «Сіздің №__ картаңызға өтемақы тиесілі». Сілтеме бойынша өтіңіз және оны алу үшін смс-хабарламамен келген кодты енгізіңіз» деген хабарлама жіберуі мүмкін. Бұл жағдайда сіз өз қолыңызбен ақшаңызға қол жеткізуге мүмкіндік бердіңіз деп айту артық болар.

Алаяқтар түрлі «аңыз оқиғаларды» айтудан жалықпайды. Алайда, бір фактіні естен шығармау қажет – сіздің «көмегіңізсіз» бірде бір алаяқ сіздің шотыңызға қол жеткізе алмайды. Статистика бойынша банк карталарымен алаяқтық фактілерінің 95%-дан астамы пайдаланушылар өз беттерінше қаскөйлерге жетіспей тұрған ақпаратты: смс-пен келетін кодтарды, банк картасының CVV-кодтарын және қолданыс мерзімін, жеке кабинеттің паролін айтып береді. Осылайша, адамдар жинаған қорларынан шоттарын хакерлердің бұзулары салдарынан емес, өздерінің аңғалдығы мен сенімшілдігіне байланысты айырылып жатады.

Есіңізде болсын, егер клиент құпия ақпаратты алаяқтарға өзі берсе немесе оның көмегімен үшінші тұлғалар басқа адамдардың шоттарына ақша аударса, банктер шығындарды өтемейді.

Дата обновления - 11.06.2024
Справочная информация
436