Ұйымдардың қызметкерлеріне арналған дене жаттығулары
ЖүктеуКіріспе
Жұмыс орнындағы дене шынықтыру жаттығулары — жұмыскерлердің денсаулығын нығайтуға, дене белсенділігін сақтауға және шаршауын азайтуға бағытталған қарапайым дене жаттығуларының кешені.
Қазақстан Республикасының ұйымдарында дене шынықтыру жаттығуларын өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-166/2020 «Дене шынықтыру жаттығуларын өткізу үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларда айқындалған.
Дене шынықтыру жаттығуларына денені қыздыру, қолдарға, аяқтарға және денеге арналған жаттығулар кіруі мүмкін. Жаттығулар кешені жұмыстың сипатын, еңбек жағдайларын және жұмыскерлердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып таңдалады.
Бұл материалда жұмыс орнында дене шынықтыру жаттығуларын өткізуді қалай ұйымдастыруға болатыны түсіндіріледі.
