Оңалту және банкроттық туралы заңнаманың негізгі мақсаттарының бірі – уақытша төлем қабілеттілігін жоғалтқан борышкерлердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.
Оңалту рәсімінің арқасында қарыздарын өтеуге уақытша мүмкіндігі жоқ кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтіріп, оның қызметін жалғастыруына мүмкіндік беріледі.
Оңалту рәсімі дегеніміз не және оны кімдер пайдалана алатыны туралы осы материалда баяндалады.
Оңалту рәсімі – бұл Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңында көзделген сот рәсімі. Ол уақытша төлем қабілетсіз борышкерге қатысты оның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және кәсіпорын қызметін сақтап қалу мақсатында қолданылады.
Банкроттық рәсімінен айырмашылығы, оңалтудың негізгі мақсаты борышкердің қызметін тоқтату емес, оның қаржылық жағдайын жақсарту, бизнесті және жұмыс орындарын сақтау, сондай-ақ кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру болып табылады.
Рәсім шеңберінде борышкерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ұйымдастырушылық-шаруашылық, қаржылық-экономикалық, инвестициялық, басқарушылық, техникалық және өзге де шаралар қолданылуы мүмкін.
Оңалту рәсімі төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге нақты мүмкіндігі бар, бірақ уақытша төлем қабілетсіздігіне ұшыраған заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге қолданылуы мүмкін.
Сотқа жүгінуге келесі мерзімдерден асқан берешектің болуы негіз болып табылады:
Оңалту рәсімін кім бастай алады
Оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішті:
беруге құқылы.
Рәсімді қолдану туралы шешімді сот қабылдайды.
Рәсім енгізілгеннен кейін не болады
Оңалту рәсімі қолданылған сәттен бастап заңнамада көзделген құқықтық салдарлар туындайды.
Атап айтқанда:
Жоспарда қандай шаралар көзделуі мүмкін
Заңнама борышкердің қаржылық жағдайын сауықтыруға бағытталған шаралардың кең ауқымын қарастырады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайына байланысты оңалту жоспары мыналарды қамтуы мүмкін:
Борышкерді кім басқарады
Жоспар бекітілгеннен кейін борышкерді басқару кредиторлар жиналысы айқындаған тұлға арқылы жүзеге асырылады.
Ол:
Егер басқару оңалтуды басқарушыға берілсе, оның кандидатурасын кредиторлар жиналысы әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғалардың арасынан сайлайды.
Оңалту жоспары оңалту рәсімінің негізгі құжаты болып табылады. Ол борышкер, кредиторлар және оңалтуды басқарушы бірлесіп әзірлейді, кредиторлар жиналысымен келісіледі және сотпен бекітіледі.
Жоспарда мыналар қамтылады:
Жоспар бір кезектегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.
Оңалту жоспарын іске асыру мерзімі
Оңалту жоспарын іске асыру мерзімі, әдетте, бес жылдан аспауға тиіс.
Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда, жоспарды іске асыру мерзімі соттың шешімімен ұзартылуы мүмкін.
Рәсім қашан аяқталады
Оңалту рәсімі сот бекіткен оңалту жоспары толық орындалғаннан және борышкердің төлем қабілеттілігі қалпына келтірілгеннен кейін аяқталады.
Егер төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкін болмаса, сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкроттық рәсіміне көшу туралы шешім қабылдауға құқылы.
Неліктен рәсімді уақытылы қолдану маңызды
Оңалту рәсімін қолдану туралы уақтылы жүгіну: