Жоспарда қандай шаралар көзделуі мүмкін

Инструкция

Жоспарда қандай шаралар көзделуі мүмкін

Заңнама борышкердің қаржылық жағдайын сауықтыруға бағытталған шаралардың кең ауқымын қарастырады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайына байланысты оңалту жоспары мыналарды қамтуы мүмкін:

  • санация жүргізу;
  • берешекті қайта құрылымдау;
  • мүлікті электрондық аукцион арқылы сату;
  • қаржылық лизинг;
  • талап ету құқығын беру (цессия);
  • факторинг және реверсивті факторинг;
  • берешектің бір бөлігін кешіру;
  • айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару;
  • қарыздарды акцияларға айырбастау;
  • бітімгершілік келісім жасау;
  • төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған өзге де шаралар.

Борышкерді кім басқарады

Жоспар бекітілгеннен кейін борышкерді басқару кредиторлар жиналысы айқындаған тұлға арқылы жүзеге асырылады.

Ол:

  • борышкердің өзі (жеке кәсіпкер);
  • заңды тұлғаның басшысы немесе уәкілетті органы;
  • оңалтуды басқарушы болуы мүмкін.

Егер басқару оңалтуды басқарушыға берілсе, оның кандидатурасын кредиторлар жиналысы әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғалардың арасынан сайлайды.

Дата обновления - 27.07.2026
Справочная информация
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы No 176-V ЗРК Заңы
434