Кім мониторингке жатпайды

Инструкция

Мониторингпен көзделген талаптар мыналарға қолданылмайды::

  1. мемлекеттік мекемелер;
  2. лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, ҚР Парламенті және мәслихаттар депутаттарына (өз қызметін босатылмаған негізде жүзеге асыратын мәслихаттар депутаттарын қоспағанда), әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне;
  3. Екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру ұйымдары;
  4. тізбесін ҚР Үкіметі бекітетін мониторингке жататын ірі салық төлеушілер;
  5. мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен Халықаралық Мектептер;
  6. адвокаттық, нотариаттық қызметті, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың, төрешілердің, бағалаушылардың, аудиторлардың қызметін жүзеге асыруға байланысты алынған ақша және (немесе) өзге де мүлік;
  7. квазимемлекеттік сектор субъектілері;
  8. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктері, шет мемлекеттің консулдық мекемелері, сондай-ақ олардың қызметкерлері үшін;
  9. спорттың ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерін дамытуға, дене шынықтыру мен спортты қолдауға және ынталандыруға бағытталған, сондай-ақ спорттық іс-шараларды, оның ішінде халықаралық спорттық жарыстарды, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ақша және (немесе) өзге де мүлік;
  10. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде алынатын ақша және (немесе) өзге мүлік;
  11. емделуге ақы төлеу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту мақсатында алынатын ақша және (немесе) өзге де мүлік;
  12. сыртқы сауда келісімшарттары бойынша түсім түрінде алынатын ақша және (немесе) өзге де мүлік;
  13. халықаралық тасымалдарды ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны, халықаралық пошта байланысы қызметтерін көрсеткені үшін алынатын ақша және (немесе) өзге де мүлік;
  14. ҚР заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде алынатын ақша және (немесе) өзге де мүлік;
  15. төлем көзінен осындай салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде, төлем көзінен жеке табыс салығы бұрын салынған дивидендтердің, сыйақылардың, ұтыстардың сомалары;
  16. Үкіметі белгілеген өзге де жағдайлар.
Справочная информация
52