Ағзалардың қайтыс болғаннан кейінгі доноры болудан тірі кезінде қалай бас тартуға немесе келісуге болады?

Инструкция

Қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа өз еркін білдіру құқығын тіркеуді Қазақстан Республикасының азаматы екі жолмен жүзеге асыра алады:

  • тіркелген жері бойынша емханаға тікелей жүгінген кезде, онда жауапты тұлға жеке басын және тіркелу мәртебесін куәландыратын құжаттарды тексереді, содан кейін тиісті өтініш нысанын (келісім немесе келісімді кері қайтарып алу/бас тарту) ұсынады. Толтырылған нысан Тіркелімге енгізіледі, ал өтініш берушіге 1 жұмыс күні ішінде МСАК ұйымының бірінші басшысы қол қойған және мөрімен бекітілген ерік білдіруді тіркеу туралы анықтама беріледі;
  • немесе қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа өз еркіңізді үйден шықпай-ақ, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тіркеуге болады:

Ол үшін өтініш беруші порталға кіріп, қызметке тапсырыс беру тиіс.

{"id":19364,"source_id":3868,"title":"Трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім алуды тіркеу","service_code":"P7.12","service_link":"https://egov.kz/services/P7.12/#/declaration/0//"}

Содан кейін барлық қажетті өрістер толтырылады және ЭЦҚ-мен өтінімге қол қойылады, бірнеше минуттан кейін мәртебе жаңартылады және екі тілде ерік білдіру туралы куәлік қолжетімді болады.    

Өтініште барлық ағзаларды немесе кейбір нақты ағзаны пайдалануға рұқсат беруге болады. Кейіннен шешіміңізді шексіз рет өзгертуге болады.

Өтініш мерзімсіз болады, яғни оны біраз уақыттан кейін жаңарту немесе растау қажет емес. Шешім адамның соңғы тіркелген өтініші негізінде қабылданады.

Келісімді немесе бас тартуды кім тіркегені туралы ақпарат жабық. Бұл деректерге тек үш республикалық үйлестірушілер ғана қол жеткізе алады және де адам қайтыс болғаннан кейін ғана.

Дербес деректерді қорғау Кодекске және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 29-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Кодекстің 212-бабының 2-тармағына сәйкес «Ағзалардың және тіндердің қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-308/2020 бұйрығы әзірленді.

Дата обновления - 28.11.2024
Справочная информация
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360 Кодексі"Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы ЗаңыАғзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету қағидаларын бекіту туралы
2008