Кім ағзаларын бере алмайды?

Инструкция

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-171/2020 бұйрығымен Донордан ағзаларын және  тіндерін  трансплантаттауға рұқсат етілетін инфекциялық жұқпалы аурулардың тізбесі бекітілді. 

Кодекстің 212-бабы 3-тармағына сәйкес, қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын  және тiндерiн трансплантаттау үшін алуға, егер алу кезінде медициналық ұйым осы адам тірі кезінде не ол қайтыс болғаннан кейін, жұбайы (зайыбы), ол болмаған кезде – жақын туыстарының бірі оның ағзаларын және тiндерін алуға өзінің келіспейтіні туралы мәлімдегенінен хабардар болса, жол берілмейді.

Дата обновления - 28.11.2024
Справочная информация
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы КодексіҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-171/2020 бұйрығы.
1592