Жеке медициналық кітапшаның болуы кімге қажет?
ЖүктеуМедицина қызметкері жеке медициналық кітапшаларға қандай деректерді енгізуі керек?
Жеке медициналық кітапша медициналық ақпараттық жүйеде электрондық нысанда қалыптастырылады және жүргізіледі.
ЖМК-да қандай мәліметтер қамтылады?
-
Иесінің дербес деректері.
-
Иесінің фотосуреті.
-
Кәсібі, лауазымы және жұмыс орны.
-
Бұрын ауырған инфекциялық аурулары туралы мәліметтер.
-
Дәрігерлік қарап-тексерулердің нәтижелері.
-
Рентгенологиялық зерттеп-қараулардың нәтижелері.
-
Көзделген зертханалық зерттеулердің нәтижелері.
-
Профилактикалық екпелер туралы мәліметтер.
-
Медициналық қорытынды және жұмысқа жіберу мерзімі.
Тексеру нәтижелері туралы мәліметтер медициналық ақпараттық жүйеден ЖМК модуліне беріледі.
Мамандардың қорытындылары электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
Жеке медициналық кітапшаларды есепке алу медициналық ақпараттық жүйенің электрондық журналында жүзеге асырылады.
ЖМК иесінің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде толтырылады.
Қате анықталған жағдайда түзетуді медициналық ұйымның уәкілетті қызметкері енгізеді және оны өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.
Маңызды! Электрондық ЖМК ресімдеу үшін бұрынғы тәртіп бойынша мөрлер басылып, қолмен қол қойылатын қағаз журналды жүргізу талап етілмейді.
