Форс-мажор басталғаны туралы куәлікті қайдан алуға болады

Жүктеу

Форс-мажорды куәландыруды кім жүзеге асырады

Еңсерілмейтін күш (форс-мажор) мән-жайларын және «Hardship» мән-жайларын куәландыруды «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС (ҚССП) жүзеге асырады.

Куәландыру тәртібі ҚССП Басқарма төрағасының 2025 жылғы 3 шілдедегі № 26 бұйрығымен бекітілген Ережемен (кейінгі өзгерістерімен) реттеледі.

Форс-мажор — міндеттемелерді орындауға кедергі келтіретін төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайлар.

Hardship — шартты орындау тараптардың бірі үшін шамадан тыс ауыртпалық тудыратын мән-жайлардың елеулі өзгеруі. Hardship жағдайының құқықтық салдарлары форс-мажор салдарларынан бөлек айқындалады.

Қолайсыз мән-жайлардың болуы өздігінен жауапкершіліктен автоматты түрде босатуды білдірмейді. Шарт талаптарын және туындаған мән-жайлар мен міндеттемені орындау мүмкін еместігі арасындағы себеп-салдарлық байланысты ескеру қажет.

Қазақстанның сыртқы сауда палатасының байланыс деректері

  • Мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 19/2, Estra бизнес орталығы, 4-қабат.

  • Қабылдау бөлмесінің телефоны: +7 (7172) 47-28-81.

  • Форс-мажор мән-жайларын куәландыру мәселелері бойынша телефон: +7 708 585 4281.

  • Қосымша телефон: +7 (7172) 27-96-16, ішкі нөмірі 207.

  • Электрондық пошта: kazcic@atameken.kz.

  • Ресми сайт: kazcic.kz.

Жаңарту күні: Көру саны:283
  1. Форс-мажорды куәландыруды кім жүзеге асырады