«Әскери өнім» ипотекалық кредитін алуға кім құқылы

Введение

Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері мемлекеттен тұрғын үй төлемдерін алады, олар жалға берілетін тұрғын үй ақысын төлеуге жұмсалады. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Отбасы банк АҚ бірлесіп, әскери қызметшілерге арналған жеңілдетілген несие шарттарымен «Әскери баспана» ипотекалық бағдарламасын қайта іске қосу туралы келісімге келді.

Әскери қызметшілерді несиелендіруге арналған «Әскери баспана» және «Наурыз Әскери» тұрғын үй бағдарламалары 2025 жылғы қараша айында іске қосылды. Бұл материалда әскери ипотека алуға кімдердің үміткер бола алатыны туралы айтып береміз.

Әскери ипотеканың шарттары

1. «Әскери баспана» бағдарламасы:

  1. қарыздың мақсатты бағыты – қайталама тұрғын үйді сатып алу;

  2. бастапқы жарна – қарыз сомасының 20%-дан 50%-ға дейін;

  3. қарыз мөлшерлемесі – жылдық 18%;

  4. қарыздың ең жоғары сомасы – 50 000 000 теңгеге дейін;

  5. қарыз мерзімі – 19 жылға дейін.

2. «Наурыз Әскери» кіші бағдарламасы:

  1. мақсатты бағыты – пайдалануға берілген бастапқы тұрғын үйді сатып алу;

  2. бастапқы жарна – қарыз сомасының 0%-дан 50%-ға дейін;

  3. қарыздың ең жоғары сомасы:

  • бастапқы жарна 0%-дан 20%-ға дейін болған жағдайда:

    • Астана және Алматы қалалары үшін – 36 000 000 теңгеге дейін;

    • өзге өңірлер үшін – 30 000 000 теңгеге дейін;

  • бастапқы жарна 20%-дан 50%-ға дейін болған жағдайда – 80 000 000 теңгеге дейін;

  1. қарыз мөлшерлемесі – жылдық 9%;

  2. қарыз мерзімі – 19 жылға дейін.

Анықтамалық ақпарат:

«Наурыз» бағдарламасының «Наурыз Әскери» кіші бағдарламасына сәйкес тұрғын үй төлемдерін алушылар мен олардың отбасы мүшелерінің (жұбайы, кәмелетке толмаған балалары) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығымен тұрғын үйінің болмауы, сондай-ақ соңғы 5 (бес) жыл ішінде тұрғын үйді иеліктен шығару фактілерінің болмауы туралы талап көзделген.

Бұл талап «Наурыз» бағдарламасының мемлекет тарапынан субсидияланатын әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы болуына байланысты енгізілген. Бағдарлама сатып алынатын тұрғын үйі алғашқы баспана болып табылатын отбасылардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған.

Әскери ипотека кімге беріледі

Мемлекеттен тұрғын үй төлемдерін 8 ведомствоның қызметкерлері алады:

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
  2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
  3. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы;
  4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі;
  5. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (жеке құрамның барлығы емес);
  6. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, оның ішінде Әскери прокуратура;
  7. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;
  8. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі.

Төлемдер қызметкерлердің арнайы шоттарына түседі. Олардың көпшілігі Отбасы банкында ашылған.

Шот иесі төлемдерін өзі иеленеді:

  • болашақта кредит алу үшін Отбасы банкта депозитке ақша жинай алады;
  • жалдамалы тұрғын үй ақысын төлеу үшін барлық соманы немесе ішінара аудара алады;
  • төлемдерді ипотекалық кредитті жабуға қолдана алады.

Тұрғын үй төлемдерін алушылар тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысу арқылы өз тұрғын үйін сатып ала алады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қатысушысы болу үшін Отбасы банкіне арнайы салым ашып, белгілі бір мерзімнен кейін жылдық 0% - дан 18% - ға дейінгі мөлшерлеме бойынша қарыз алу қажет.

Тұрғын үйді елдің кез келген қаласында сатып алуға болады. Тұрғын үйге төлемдерін тек бір рет тұрғын үй сатып алуға пайдаланылуға болады.

Тұрғын үй төлемдері бір мезгілде жалға берілетін тұрғын үйге де, Отбасы банкында жинақтауға да бағытталуы мүмкін.

Тұрғын үй төлемдері:

  • Бюджетке алынуға жатпайды;
  • Кепілге ретінде бола алмайды, Отбасы банкындағы алдын ала / аралық заемдарды қоспағанда;
  • Осы шот иесінің басқа міндеттемелері бойынша олар алып қоюға жатпайды;
  • Екінші деңгейдегі басқа банк берілген кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектерін өтеу үшін бұл ақшаға төлем талаптарын жасай алмайды.

Тұрғын үй төлемдерін жинақ ретінде пайдалану және банктік сыйақы мен олар бойынша мемлекет сыйлықақыларын алу үшін тұрғын үй төлемдері немесе олардың бір бөлігі жеке арнайы шоттан аударылатын арнайы депозит ашу қажет.

Жеке арнайы шот ашу және салым салу үшін:

  • Жеке куәлік;
  • Тұрғын үй төлемдерін алушы туралы анықтама (жұмыс орны бойынша тұрғын үй комиссиясы береді);
  • Тұрғын үй төлемдері туралы үш жақты шарт (жұмыс беруші береді) қажет.

Тұрғын үй төлемдерін алушыда жеке арнайы шот ашқанда және салым салғанда OTP-кодты (бір реттік пароль) алу үшін мобильді телефон болу тиіс.