Өзіңізді деструктивті діни идеялардың ықпалынан қалай қорғауға болады
ЖүктеуКіріспе
Қазақстан Республикасында ар-ождан бостандығына және әрбір адамның дінге деген көзқарасын өз бетінше айқындау құқығына кепілдік беріледі.
Бұл ретте заңнамада діни экстремизмге, зорлық-зомбылыққа, діни қызметке қатысуға мәжбүрлеуге және басқа да құқыққа қайшы әрекеттерге тыйым салынады.
Діни наным-сенімдерді психологиялық қысым көрсету, таңдау еркіндігін шектеу, құқыққа қайшы әрекеттерге тарту немесе адамға зиян келтіру мақсатында пайдаланатын топтар мен жекелеген адамдар қауіп төндіруі мүмкін.
Бұл материалда қандай белгілерге назар аудару керектігін, өзіңізді қалай қорғауға болатынын және көмек алу үшін қайда жүгіну қажеттігін қарастырамыз.
Нормативтік-құқықтық база
