Өзіңізді деструктивті діни идеялардың ықпалынан қалай қорғауға болады

Жүктеу

Қауіпті психологиялық ықпал ету белгілері

Егер адам немесе топ төмендегі әрекеттерді жасаса, сақ болу қажет:

  • басшыға сөзсіз бағынуды талап етсе және сұрақ қоюға тыйым салса;

  • туыстарымен және достарымен қарым-қатынасты тоқтатуға мәжбүрлеу мақсатында қысым көрсетсе;

  • тәуелсіз ақпарат көздеріне қол жеткізуді шектесе;

  • қатысушыларды ұстап қалу үшін қорқыту, қоқан-лоқы көрсету немесе кінәлілік сезімін тудыру тәсілдерін қолданса;

  • ақшаны, мүлікті немесе дербес деректерді беруге мәжбүрлесе;

  • заңнаманы бұзатын әрекеттерге қатысуды талап етсе;

  • зорлық-зомбылықты ақтаса немесе араздық пен өшпенділікке шақырса.

Діни наным-сенімдердің болуы, киім кию, тамақтану немесе өмір салтының ерекшеліктері өздігінен экстремизмнің белгісі болып табылмайды.

Жағдайды нақты әрекеттер мен мән-жайларды ескере отырып бағалау қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:876
  1. Қауіпті психологиялық ықпал ету белгілері