Шетелде жұмыс ұсыну кезінде не білуіңіз керек

Введение

Таныс немесе шетелдік ұйымдар сізге шетелде жұмыс жасауды ұсынады.

Бұл жағдайда, осы материалда адам саудагерлерінің «желісіне» түсіп кетпеу үшін бірнеше кеңестерді орындау қажет.

Өзіңізді алаяқтық әрекеттерден қалай қорғауға болады?

  1. Шетелге жұмысқа жіберуді ұсынатын және айналысатын компаниялар туралы барлық ақпаратты зерттеңіз (байланыс деректері, электрондық пошта, телефондар, заңды мекен-жайы, қызмет түрлері және т.б.).
  2. Компанияның веб-сайтының мекен-жайын тексеріп, интернет-сайттағы шолулар мен рейтингтерді тексеріңіз.Сайтта ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны (ЖШС, дара кәсіпкер және т.б.), оның деректемелері (ЖСН, БСН, заңды мекенжайы) туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.
  3. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында сенімділікті бағалауға және бір күндік фирмаларды анықтауға мүмкіндік беретін «Салық төлеушілерді іздеу» электрондық сервисі орналастырылған.
  4. Сөйлесер алдында бейне қоңырау шалып, скриншот немесе қоңыраудың өзін түсірген жөн.
  5. Банк карталарының деректемелерін және әртүрлі кіру кодтарын ешкімге бермеңіз.

Шетелде өзін қалай ұстау керек және қайда бару керек?

  1. Жұмысқа орналасу үшін шетелге шықпас бұрын туыстарыңызға, достарыңызға сапарыңыз, тұратын жеріңіз туралы хабарлаңыз, байланыс деректерінің нөмірлерін қалдырыңыз.
  2. Баратын елдегі Қазақстан Республикасы елшілігінің немесе консулдық мекемесінің «migration.enbek.kz» порталында көрсетілген телефондарын жазып алыңыз.
  3. Шетелге жұмысқа барар алдында білім туралы құжаттарыңызды алдын ала заңдастыру немесе апостиль қою керек.
  4. Өмірлік қиын жағдайға тап болған жағдайда «migration.enbek.kz» порталында көрсетілген барған елдегі Қазақстан Республикасының елшілігіне немесе консулдық мекемесіне жүгінуді ұсынамыз.