МӘСҚ – ға әлеуметтік аударымдар төленген жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлем (бұдан әрі-жүктілік және босану бойынша төлем) төленеді. Жүктілік және босану бойынша төлем құқығы жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақта (аурухана парағы) көрсетілген жүктілік және босану бойынша демалыс күнінен бастап туындайды. Төлем мөлшері әйелдің декреттік демалысқа шығу айына дейінгі соңғы 12 айдағы орташа айлық табысына және жұмыс беруші ұсынған декреттік демалыс күндерінің санына байланысты.
Орташа айлық табыс МӘСҚ-ға соңғы 12 күнтізбелік айда әлеуметтік аударымдар төленген кірістерді 12-ге бөлу жолымен есептеледі. Бұл ретте осы кезеңде әлеуметтік аударымдарды төлеуде үзілістер болғаны маңызды емес.
Жүктілік және босану бойынша белгіленген төлем сомасынан міндетті зейнетақы жарналарының 10% ұсталады және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы алушының жеке шотына аударылады.
Жүктілік және босану бойынша төлем тағайындауға өтініш беру мерзімі жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақта көрсетілген жүктілік және босану бойынша демалыс берілген күннен бастап 12 айдан аспауға тиіс.
Қосымша. Біз осы төлемнен бастауды ұсынамыз, ол бала туылғанға дейін тағайындалады.