Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес бала туылғаннан кейін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлемді (бұдан әрі – бала күтімі бойынша төлем) МӘСҚ-дан баланың туған күніне дейінгі соңғы 2 жылдағы орташа айлық табысының 40% мөлшерінде алады.
Орташа айлық табыс соңғы 24 күнтізбелік айда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар төленген кірістерді 24-ке бөлу жолымен есептеледі. Бұл ретте осы кезеңде әлеуметтік аударымдарды төлеуде үзілістер болғаны маңызды емес.
Бала күтімі бойынша төлемнің тағайындалған сомасынан МЗЖ-ның 10% ұсталады және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы алушының жеке шотына аударылады.
МӘСҚ - дан төлеу құқығы баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап туындайды.
Бала күтімі бойынша төлем тағайындауға өтініш жасау мерзімдері бала туған күннен бастап 18 айдан аспауға тиіс.
Электрондық үкімет порталы арқылы бала күтімі бойынша төлем тағайындауға өтініш беруге болады egov.kz.
Баланың кезектілігіне қарай балалары бар жұмыс істемейтін адамдар (отбасы) бюджет қаражаты есебінен бала күтімі бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алады (бірінші балаға – 5,76 АЕК, екіншісіне - 6,81 АЕК, үшіншісіне - 7,85 АЕК, төртіншісіне және одан да көпіне - 8,90 АЕК).