ЖТҚ үшін жер учаскелерін алу
ЖүктеуӨтініш беру
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін жер учаскесін алу үшін Қазақстан Республикасының азаматы арнайы есепке (кезекке) тұруы қажет.
Онлайн өтініш беру тәртібі
-
eGov.kz электрондық үкімет порталында авторизациядан өтіңіз.
-
«Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық) алу үшін кезекті қарау немесе кезекке қою» қызметін табыңыз.
-
Өтініш түрінен «Кезекке қою» тармағын таңдаңыз.
-
Жер учаскесін алуды жоспарлап отырған өңірді көрсетіңіз.
-
Қажетті мәліметтерді тексеріп, толтырыңыз.
-
Электрондық сервисте көзделген тәсілмен өтінішті растаңыз және жіберіңіз.
-
Өтініш нәтижесін жеке кабинетіңізден тексеріңіз.
Құны: тегін.
Кезекке қою бойынша электрондық қызметті көрсету мерзімі: 20 минут ішінде.
Нәтижесі: өтініштің арнайы есепке қойылғаны туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту.
Маңызды: кезекке тұру жер учаскесінің бірден берілетінін білдірмейді. Жер учаскесі аумақтардың дайындалуына қарай және жер заңнамасында белгіленген талаптар орындалған жағдайда кезектілік тәртібімен беріледі.
