Өтініш беру

Инструкция

Қайда және қандай құжаттармен өтініш беру қажет

ЖТҚ үшін жер учаскесін беру туралы өтінішті жер учаскесі орналасқан жердегі еркін нысанда әкімдікте толтыру қажет. Егер жер учаскесі:

  • республикалық маңызы бар қалалардың және астана шекаралары шегінде болса - республикалық маңызы бар қалалар және астананың әкімдігіне;
  • облыстық маңызы бар қалалардың шекаралары шегінде болса - облыстық маңызы бар қаланың әкімдігіне;
  • аудандық маңызы бар қаланың шекарасы шегінде болса - аудандық маңызы бар қаланың әкіміне;
  • кенттің шекарасы шегінде болса - кенттің әкіміне;
  • ауылдың (село) шекарасы шегінде болса – ауылдың (село),  "ауылдық (селолық)" округтің әкіміне.

Өтініште жер учаскесінің пайдалану мақсатын, оның шекті мөлшерін, жер учаскесінің орналасқан жерін, сұралып отырған пайдалану құқығын және Сізге қолайлы болуы мүмкін қандай да бір басқа жер учаскесінің болуы туралы ақпаратты көрсету қажет.

 

Қарау мерзімі

Өтінішті қараудың жалпы мерзімі - 2 ай.

Әкімдік сұралып отырған жер учаскесінің пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін құжаттарды жер қатынастары және архитектура жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Қарау мерзімі - 10 күн ішінде.

Бұдан әрі 2 жұмыс күні ішінде Жер комиссиясының қарауына жіберіледі.

Дата обновления - 19.09.2022
Справочная информация
ҚР ЖАО сайттарында бос жер учаскелері туралы ақпаратАстана, Алматы, Шымкент қалалары және ҚР облыстық орталықтарының сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің байланыстарыАстана, Алматы, Шымкент қалалары және ҚР облыстық орталықтарының жер қатынастары басқармалары мен бөлімдерінің байланыстарыЖеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидасыЖер кодексі
4991