Магистратураға оқуға қалай түсуге болады

Жүктеу

Магистратура дегеніміз не

Магистратура — жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген тұлғалар қабылданатын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейі.

Магистратураның негізгі бағыттары

  • Ғылыми-педагогикалық магистратура — оқу мерзімі, әдетте, 2 жыл.

  • Бейіндік магистратура — оқу мерзімі, әдетте, 1–1,5 жыл.

Кешенді тестілеу (КТ) — ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып өткізілетін магистратураға түсу емтиханы.

Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін КТ мыналарды қамтиды:

  1. Шет тілі бойынша тест (таңдау бойынша ағылшын, неміс немесе француз тілі).

  2. Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест.

  3. Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.

Бейіндік магистратураға түсу үшін КТ білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестті қамтиды.

Шығармашылық дайындықты немесе араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламалары үшін арнайы түсу емтихандары көзделген.

Оқуға түсушілердің жекелеген санаттары белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда КТ-ның белгілі бір компоненттерінен босатылуы немесе әңгімелесу нәтижелері бойынша оқуға қабылдануы мүмкін.

Жаңарту күні: Көру саны:22340
  1. Магистратура дегеніміз не