Тұрғын үйді пәтер ұрлығынан қалай қорғауға болады?

Жүктеу

Пәтер ұрлығының қаупін қалай азайтуға болады?

Тұрғын үйді қорғау үшін оған заңсыз кіру әрекеттерін көрсетуі мүмкін мән-жайларға назар аудару маңызды.

Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасағанда сақ болыңыз

Бөгде адамдарға күн тәртібіңіз, отбасы мүшелерінің үйде болмайтын уақыты, ірі сатып алулар және құнды заттардың сақталатын орындары туралы ақпарат бермеңіз.

Егер белгісіз адамдар подъезге немесе пәтерге кіруге табанды түрде әрекет жасаса, олармен жанжалға түспеңіз және құқыққа қайшы әрекеттердің белгілері болған жағдайда полицияға хабарласыңыз.

Көршілеріңізбен байланыста болыңыз

Үйде ұзақ уақыт болмаған жағдайда көршілеріңізден немесе басқа да сенімді адамдардан есіктің зақымдануы немесе бұзып кіру әрекетінің іздері сияқты күдікті жағдайлар туралы хабарлап отыруын сұрауға болады.

Бұл ретте бейтаныс адамдарды өз бетіңізше қудалауға немесе олардың жеке басын анықтауға әрекет жасауға болмайды.

Жеке ақпаратыңызды қорғаңыз

Тұрғылықты мекенжайыңызды, үйде болмайтын кезеңдеріңізді немесе құнды мүліктің орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтерді ашық жарияламаңыз.

Бейтаныс адамдарға бейнебақылау жүйелерінің, электрондық құлыптардың және басқа да қауіпсіздік құрылғыларының құпиясөздерін бермеңіз.

Ұрлық немесе тұрғын үйге заңсыз кіру әрекеті анықталған жағдайда қайда жүгінуге болады?

  • 102 — полиция.

  • 112 — төтенше жағдай немесе өмір мен денсаулыққа тікелей қауіп төнген кезде хабарласуға арналған бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет.

Хабарласқан кезде мекенжайды, оқиғаның мән-жайларын, зардап шеккендердің бар-жоғын және диспетчер сұратқан басқа да ақпаратты хабарлаңыз.

Есіңізде болсын: ешбір техникалық құрал пәтер ұрлығынан толық қорғауға кепілдік бермейді. Техникалық қорғанысты, дербес деректермен жұмыс істеу кезіндегі сақтықты және жеке қауіпсіздік ережелерін сақтауды қамтитын кешенді тәсіл барынша тиімді болып табылады.

Жаңарту күні: Көру саны:169
  1. Пәтер ұрлығының қаупін қалай азайтуға болады?