Тұрғын үйді пәтер ұрлығынан қалай қорғауға болады?

Жүктеу

Қауіпсіздік тұрғысынан пәтер иелеріне арналған кеңестер

Демалысқа немесе іссапарға шығар алдында

  1. Кіреберіс есіктердің, терезелердің және балкон есіктерінің жабық екенін тексеріңіз.

  2. Егер күзет жүйесі орнатылған болса, оның жарамды екеніне және қосылғанына көз жеткізіңіз.

  3. Кілттерді оңай қол жеткізуге болатын жерлерде қалдырмаңыз.

  4. Мүмкіндігінше сенімді адамыңыздан тұрғын үйдің жай-күйін мезгіл-мезгіл тексеріп, пошта хат-хабарларын алып тұруын сұраңыз.

  5. Үйде болмайтын нақты күндеріңіз бен сапардың ұзақтығы туралы мәліметтерді ашық жарияламаңыз.

  6. Әлеуметтік желілерде кілттердің, құжаттардың фотосуреттерін және бөгде адамдар пайдалануы мүмкін басқа да мәліметтерді жарияламаңыз.

  7. Тұрғын үйді қашықтан басқару құрылғыларын пайдаланған жағдайда сенімді құпиясөздер орнатып, бағдарламалық қамтамасыз етуді уақтылы жаңартып отырыңыз.

Егер есікті бейтаныс адам қақса

Есікті ашуға асықпаңыз.

Егер келуші өзін коммуналдық, әлеуметтік немесе басқа ұйымның қызметкері ретінде таныстырса, оның аты-жөнін, лауазымын және ұйымның атауын сұраңыз.

Қажет болған жағдайда ұйымның ресми байланыс нөмірін өзіңіз тауып, келу мақсаты туралы ақпаратты нақтылаңыз.

Бейтаныс адамдарға ақшалай қаражаттың, құнды мүліктің бар-жоғы, отбасы құрамы және тұрғындардың үйде болмайтын уақыты туралы мәліметтерді хабарламаңыз.

Егер пәтерге заңсыз кіру белгілерін байқасаңыз

Есіктің бұзылғанын, құлыптың зақымданғанын немесе тұрғын үйге заңсыз кірудің басқа да белгілерін анықтаған жағдайда:

  1. Егер үй ішінде бөгде адамдар болуы мүмкін деген күдік болса, үйге кірмеңіз.

  2. Қауіпсіз жерге барыңыз.

  3. Оқиға туралы 102 нөмірі бойынша полицияға хабарлаңыз.

  4. Күдікті құқық бұзушыларды өз бетіңізше ұстауға әрекет жасамаңыз.

  5. Мүмкіндігінше полиция қызметкерлері келгенге дейін заттарға тимеңіз және оқиға орнындағы жағдайды өзгертпеңіз.

  6. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыз.

Өмір мен денсаулыққа тікелей қауіп төнген жағдайда 112 нөміріне хабарласуға болады.

Жаңарту күні: Көру саны:212
  1. Қауіпсіздік тұрғысынан пәтер иелеріне арналған кеңестер