Тұрғын үйді пәтер ұрлығынан қалай қорғауға болады?
ЖүктеуТұрғын үйді қорғау әдістері
Кіреберіс есіктің сенімді қорғалуын қамтамасыз етіңіз
Сапалы құлыптары мен берік есік қорабы бар мықты кіреберіс есік орнатыңыз. Құлыптарды таңдағанда олардың қорғаныш сипаттамаларына және өндірушінің ұсынымдарына назар аударыңыз.
Кілттерді қолжетімді жерлерде, соның ішінде кілемшенің астында, пошта жәшігінде немесе кіреберіс есіктің жанында қалдырмаңыз.
Кілттер жоғалған немесе бөгде адамдардың қолына түсті деген күдік туындаған жағдайда құлыптарды немесе олардың құпия механизмдерін ауыстыру ұсынылады.
Терезелер мен балкондардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз
Үйден шығар алдында терезелер мен балкон есіктерінің жабық екенін тексеріңіз.
Қосымша қорғаныс үшін бұзып кіруден қорғайтын элементтері бар терезе фурнитурасын, құлыптау құрылғыларын және басқа да техникалық құралдарды пайдалануға болады.
Терезе торлары мен қорғаныш конструкцияларын орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын және адамдарды эвакуациялау мүмкіндігін ескеру қажет.
Күзет жүйесін орнату мүмкіндігін қарастырыңыз
Тұрғын үйді қорғаудың қосымша құралдары ретінде мыналарды пайдалануға болады:
-
есіктер мен терезелердің ашылуын анықтайтын датчиктері бар күзет дабылы жүйесі;
-
қозғалыс датчиктері;
-
бейнедомофон;
-
бейнебақылау жүйелері;
-
дабыл оқиғалары туралы ұялы телефонға хабарламалар жіберу жүйесі.
Күзет жүйесін таңдағанда дабыл сигналдарының кімге түсетінін, күзет ұйымының әрекет етуі көзделген-көзделмегенін және дербес деректердің қорғалуы қалай қамтамасыз етілетінін нақтылау ұсынылады.
Көппәтерлі үйдің кіреберісіне және тұрғын үйге кіруді бақылаңыз
Келу мақсатын нақтыламай, бейтаныс адамдарға подъездің есігін ашпаңыз.
Бөгде адамдарға кіру кодтарын, электрондық кілттерді және тұрғын үйге кіруге арналған басқа да құралдарды бермеңіз.
Домофонның, кіреберіс есіктердің немесе подъезд жарықтандыруының ақауларын анықтаған жағдайда бұл туралы үйді күтіп-ұстауға жауапты тұлғаларға немесе ұйымдарға хабарлаңыз.
