Су тасқыны немесе сел болған жағдайда не істеу керек
ЖүктеуСел қауіпі, сел қаупінің белгілері
Сел — таулы аймақтарда пайда болуы мүмкін су, лай, тас және басқа да тау жыныстары сынықтарының жылдам қозғалатын ағыны.
Сел ағындары қарқынды жауын-шашын, қар мен мұздықтардың тез еруі, тау көлдерінің жарылуы және басқа да табиғи процестер салдарынан қалыптасуы мүмкін.
Сел қаупінің күшеюін көрсететін белгілер:
-
таулы аймақтарда қатты немесе ұзаққа созылған жауын-шашын;
-
ауа температурасының күрт көтерілуі және қардың қарқынды еруі;
-
сел қаупі туралы ресми ескертулер;
-
тау өзендеріндегі су деңгейінің күрт өзгеруі;
-
өзен арнасы жағынан әдеттен тыс гуілдің немесе шудың естілуі;
-
лай су, балшық және тас аралас ағынның пайда болуы.
Мұндай белгілер анықталған жағдайда қауіпті аумақтан дереу кетіп, 112 нөмірі бойынша қауіп туралы хабарлау қажет.
Эвакуацияны бастау үшін сел ағынының пайда болуын күтпеу керек.
