Су тасқыны немесе сел болған жағдайда не істеу керек
ЖүктеуСу басу аймағындағы әрекеттер
Егер ықтимал су тасқыны туралы ескерту келіп түссе:
-
Төтенше жағдайлар қызметтерінің хабарламаларымен мұқият танысыңыз.
-
Құжаттарды, дәрі-дәрмектерді, ауызсуды және қажетті заттарды дайындаңыз.
-
Эвакуация жарияланған жағдайда дереу көрсетілген қауіпсіз орынға барыңыз.
-
Егер қауіпсіз болса, үйден шығар алдында электр қуатын, газды және басқа да коммуналдық жүйелерді ажыратыңыз.
-
Терезелер мен есіктерді жабыңыз.
-
Өз өміріңізге қауіп төндірмей, балаларға, қарт адамдарға және еріп жүруді қажет ететін адамдарға көмектесіңіз.
-
Тиісті қызметтердің рұқсатынсыз қауіпті аймаққа қайта оралмаңыз.
Егер су тасқыны кенеттен басталса:
-
Мүмкіндігінше су ағынын кесіп өтпей, дереу қауіпсіз биік жерге көтеріліңіз.
-
Егер ғимараттан қауіпсіз шығу мүмкін болмаса, жоғарғы қабатқа немесе басқа қолжетімді биік орынға көтеріліп, құтқарушыларды шақырыңыз.
-
Су басқан жертөлелерге және жер асты үй-жайларына түспеңіз.
-
Жолдың су басқан учаскелерінен жаяу немесе көлікпен өтуге әрекет жасамаңыз.
-
Үзілген электр сымдарына, электр жабдықтарына және зақымданған құрылыстарға жақындамаңыз.
-
Құтқарушыларға өзіңіздің орналасқан жеріңізді және көмекке мұқтаж адамдардың санын хабарлаңыз.
Егер суға түсіп кетсеңіз:
Сабыр сақтауға, басыңызды су бетінен жоғары ұстауға және мүмкіндігінше су бетінде қалқып тұру үшін қолжетімді қалқымалы затты пайдалануға тырысыңыз.
Суда қалқып жүрген сынықтармен және басқа да қауіпті заттармен соқтығысудан сақтаныңыз. Қатты су ағынын өз бетіңізше еңсеруге әрекет жасамаңыз.
Алғашқы мүмкіндік туған кезде құтқарушыларға белгі беріңіз.
Көмек алу үшін қайда хабарласуға болады?
-
112 — бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет.
-
101 — өрт сөндіру қызметі және құтқарушылар.
-
103 — жедел медициналық жәрдем.
Хабарласқан кезде орналасқан жеріңізді, оқиғаның сипатын, адамдардың санын және зардап шеккендердің бар-жоғын айтыңыз.
