Су тасқыны немесе сел болған жағдайда не істеу керек

Жүктеу

Су тасқынының себептері, алдын алу шаралары

Су тасқыны — қарқынды жауын-шашын, қардың еруі, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі, мұз кептелістері және басқа да табиғи процестер салдарынан туындауы мүмкін аумақты судың едәуір басуы.

Су тасқыны қаупі төнген жағдайда қауіп-қатерді азайту үшін мыналар ұсынылады:

  1. Тұрғылықты жеріңіздің су басу қаупі бар аймақта орналасқан-орналаспағанын алдын ала анықтау.

  2. Эвакуациялау бағыттарымен және қауіпсіз орындардың орналасуымен танысу.

  3. Балалардың, қарт адамдардың және мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, төтенше жағдай кезіндегі отбасылық іс-қимыл жоспарын әзірлеу.

  4. Ауызсу, ұзақ сақталатын азық-түлік, қажетті дәрі-дәрмектер және жеке гигиена құралдарының қорын дайындау.

  5. Құжаттар мен маңызды заттарды су өткізбейтін қаптамада сақтау.

  6. Қолшам, ұялы телефон, портативті қуаттау құрылғысы және алғашқы көмек қобдишасын дайындау.

  7. Ресми ауа райы болжамдарын, гидрологиялық ақпаратты және төтенше жағдайлар қызметтерінің хабарламаларын қадағалау.

Ресми ақпаратты қайдан алуға болады?

Су басу қаупі туралы ресми ескерту алған жағдайда эвакуациялауға алдын ала дайындалып, уәкілетті қызметтердің нұсқауларын орындау қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:12400
  1. Су тасқынының себептері, алдын алу шаралары