Пирамида схемасының құрбаны болудан қалай сақтануға болады

Введение

Қаржы пирамидасы — бұл жаңа салымшыларды тарту есебінен баю тәсілі, яғни ол активтерді қайта бөлу және қатысушының бірін басқа қатысушының жарналары есебінен байыту арқылы жүзеге асырылады. Заманауи қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар өздерінің алаяқтық схемаларын түрлі тәсілдермен жасырады, алайда олардың барлығы бір қағидатты ұстанады  – ақша оларға жаңа қатысушыларды тартқан жағдайда  ғана түседі. Адамдар мен ақша ағыны тоқтағанда пирамида құлайды.

Қаржы  пирамидаларының түрі:

  • Көпдеңгейлі пирамидалар— мұндай құрылымды құру және оның жұмыс істеуінің негізгі тетігі мыналардан тұрады: әрбір жаңадан келген қатысушы алғашқы жарна енгізеді, ол пирамида мүшелерінің иерархиясы бойынша жоғары тұрған мүшелер арасында бөлінеді.  Өз кезегінде, жаңадан келген адам ақша табу үшін бірнеше адамды шақыруға тиіс, жаңадан шақырылғандардың жарналары да осыған ұқсас тәсілмен өзара бөлінеді. Бұл жаңа мүшелер ағыны тоқтағанға дейін жалғаса береді.
  • Желілік маркетинг қағидаты бойынша құрылған пирамидалар – схеманы іске асырудың негізгі тетігі компанияның тауарларды/қызметтерді сатуы болып табылады. Бұл жағдайда тауар жай бүркеніш болып табылады және көбінесе оның құны да жоғары болады. Әдетте бұл сағат, косметика, тұрмыстық химия және т.б. сияқты өнімдер.
  • Мессенджерлерде шақырту жіберу қағидаты бойынша схеманы қолданатын пирамидалар – олар WhatApp, Telegram және т.б. сияқты мессенджерлерде онлайн-топтарда ғана жұмыс істейді. Мұндай кезде топ құрылады, оған кіру үшін ақшалай жарна салу және қосымша 2-4 адамды шақыру қажет, олар үшін 200%-дан 400%-ға дейін сыйақы беріледі. Шақырылатын қатысушылар саны шектелмейді. 
  • Эксклюзивті клубқа қатысу (мүше болу) – мұнда қатысушыларға круиздер, жолдамалар, саяхаттар, бизнесті құру және ілгерілету, маркетинг, инвестициялар, копирайтинг, сондай-ақ хиромантия, астрономия, адамның ішкі жағдайын жақсарту, психология, нумерология, рәміздер, магия және т.б. бойынша оқыту ұсынылады.Міндетті талаптардың бірі – бағдарламаларға байланысты (1-3 жылдан 5-10 жылға дейін) белгілі бір мерзімге басқа адамдарды тарту немесе кіру жарнасын салу.

 

 

Қаржы пирамидасының негізгі белгілері

Қаржы пирамидаларының белгілері:

 - БАҚ-та, интернет-ресурстарда, оның ішінде әлеуметтік желілерде жоғары кірістілікке, пассивті кіріске уәде берілген белсенді жарнама;

 - Компания клиенттерден жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті нарықтық бағадан жоғары бағамен сатып алуды ұсынады (үш айдан бастап бөліп төлеу немесе ең төменгі пайыздық мөлшерлеме бойынша) немесе клиенттерге жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алуды ұсынады (міндетті аванстық төлеммен);

 - Белгілі бір сомаға тауарды/қызметті сатып алу және қосымша бірнеше тұлғаны тарту (бұл ретте бөлшек сауда жоқ) міндетті шарт болып табылады;

 - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – ҚНРДА) лицензиясының/есептік тіркеуінің болмауы, мыналарды жүзеге асыруды қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей:

  • банктік қызмет, оның ішінде депозиттер тарту, кредит беру, аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыру және т.б.;
  • бағалы қағаздар нарығындағы қызмет;
  • сақтандыру нарығындағы қызмет;
  • микрокредиттер беру жөніндегі қызмет;
  • коллекторлық қызмет. 

 - Ақшаны енгізу жеке тұлғаның карточкалық шотына немесе төлем ұйымдарының терминалдары арқылы электрондық әмиянға қолма қол ақшамен жүзеге асырылады;

 - Компанияның, жеке тұлғаның немесе қоғамдық жобаның нақты анықтамасы жоқ (бірегей қызмет туралы мәлімдеме);

 - Компанияның немесе жобаның қызметіне кейіннен қатысу үшін алдын ала (арнайы) жарналардың болуы;

 - Нарықтық көрсеткіштен едәуір жоғары жоғары кірістілік туралы жария  уәде беру;

 - Кірістілікке кепілдік беру (банк салымдарынан басқа қаржы нарығында тыйым салынған);

 - Атауында, белгілерінде, жарнамаларында сөздер мен сөз тіркестерін, танымал брендтердің брендбук элементтерін қолдану.

 - Компанияның, жеке тұлғаның немесе жария жобаның өз қызметін растай алмауы (тартылған қаражатты орналастыру бағыттары, оларды орналастыру туралы ақпарат). Көбінесе қаржы пирамидалары өз қызметін жоғары кірістілікпен байланысты салаларда жүргізеді деп мәлімдейді: мұнай өндіру, алтын өндіру, құрылыс, микроқаржылық қызмет, Forex нарығы, бағалы қағаздар нарығы.

Егер сіз пирамида схемасына түсіп қалсаңыз не істеу керек

Қаржы пирамидасына кіру, әдетте, ерікті негізде және заңды сүйемелдеусіз жүзеге асырылады. Демек, ешкім инвестицияланған қаражатты қайтаруға кепілдік бермейді. Сондықтан, егер сіз келісімшартқа қол қоюға және ақша салуға асығыс болсаңыз, арандатушылыққа бой алдырмаңыз.

Егер сіз қаржылық пирамидаға хабарластыңыз деп күдіктенсеңіз, сізге қажет:

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне "Fingramota Online" мобильдік қосымшасының "қаржы пирамидалары және қаржылық алаяқтық" бөлімі арқылы немесе Call-орталықтың қысқа нөмірі: 1459 (жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін) арқылы жүгінуге болады.

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми интернет-ресурсында қаржы пирамидасы ретінде қызметке күдікті, сондай-ақ сот үкімдері шығарылған ұйымдардың кеңейтілген тізбесі жарияланды.

Бұдан басқа, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында кепілді кірісті (мүліктік пайданы) төлеуге уәде бере отырып, азаматтар мен ұйымдардан ақша тарту жөніндегі қызмет белгілері бар адамдардың тізімі жарияланды.

 

Қаржы пирамидасын құруға, жарнама қызметін таратуға жауапкершілік

Қазақстан мыналарды қамтамасыз етеді:

  • қылмыстық жауапкершілік - қаржы пирамидасын құрғаны және (немесе) қызметін басқарғаны үшін (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабына сәйкес), сондай-ақ қаржы (инвестициялық) пирамидасын жарнамалауға (ҚР Қылмыстық кодексінің 217-1-бабына сәйкес);
  • әкімшілік - қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметі туралы жарнамаларды дайындау, тарату және орналастыру үшін («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 150-бабына сәйкес) және 150-ден 600-ге дейінгі АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – ҚМА) ресми интернет-ресурсында қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген жарияланған.

Сізге қаржы пирамидасына қатысушы болу ұсынысы жасалатын болса, тұрғылықты орныңыз бойынша дереу құқық қорғау органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне және ҚМА-ға жүгіну қажет.

Қаржылық алаяқтық пен қаржы пирамидаларының заманауи түрлері туралы қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша www.fingramota.kz интернет-порталындағы «Абайлаңыз, алаяқтар» бөлімінен оқып танысуға болады

Қаржы пирамидасын қалай тануға болады

Пирамида ғұмырының үш кезеңі:

Бірінші – қаржы пирамидасын құру. Әдетте, қатысушылар аздаған, сондай-ақ айтарлықтай көп сома енгізсе де ұйымдастырушылар бірінші қатысушыларға өз қаражатынан уәде етілген табысты төлейді.

Екінші – қаржы пирамидасын көпшілікке тарату. Құныққан салымшылар қатысушыларды, оның ішінде туыстары мен таныстарын бірінен соң бірін тарта бастайды. Сондай-ақ ұйымдастырушылар әйгілі блогерлерді, жұлдыздарды тарту арқылы әлеуметтік желілерде агрессивті жарнаманы пайдаланады. Бірақ бұл кезеңде жаңа қатысушыларға сыйақы жеке қаражат есебінен емес, жаңадан тартылған адамдардың есебінен төленеді.

Үшінші – пирамиданың сөзсіз құлдырауы. Ол белгілі бір қатысушылар саны мен қомақты сома жиналған кезде орын алады. Оңай әрі жедел қол жеткізуге болатын пайдаға сеніп келген адамдар сыйақыдан да, өз ақшасынан да қағылады. Сондай-ақ, оларды қандай да бір жолмен қорғау мүмкіндігі болмайды, өйткені Қазақстанда қаржы пирамидаларының қызметі заңсыз әрі тыйым салынған, демек пирамида ұйымдастырушылары қол қойған құжаттардың ешқайсысы заңды күшке ие болмайды.