Үйде арнайы әлеуметтік қызметтерді алу үшін қандай құжаттар қажет

Инструкция

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына:

  • қызмет алушының өтінішін (кәмелетке толмағандар мен мүгедектер үшін - заңды өкілінің өтініші); 
  • жеке куәлік (сәйкестендіру үшін); 
  • медициналық карта; 
  • балалар үшін - психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмелері. 

Өтінішті қабылдау кезінде жұмыспен қамту бөлімі «электрондық үкімет» шлюзі арқылы келесі ақпаратты алу үшін сұраныстар жасайды:

  1. жеке басын куәландыратын құжат туралы; 
  2. тұрақты тұрғылықты жерге тіркеу туралы; 
  3. мүгедектікті белгілеу туралы (мүгедектігі бар қарттар үшін); 
  4. мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында (ОЖБ) әзірленген іс-шаралар туралы сұрау салулар қалыптастырады (қарттар үшін ОЖБ болған кезде);
  5. зейнеткерлік жастағы адамдар үшін зейнетақы жасы туралы; 
  6. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушысы және мүгедектігі бар адам және оларға теңестірілген адам мәртебесінің болуы туралы. 

Ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған кезде өтінішке Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін  – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедек адамның және оларға теңестірілген адамның мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі қоса беріледі.

Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін медициналық карточканы қоспағанда, өтініш берушіге қайтарылады. 

Жазбаша өтініш пен құжаттарды қабылдағаннан кейін уәкілетті органның маманы 5 жұмыс күні ішінде мүгедектігі бар адамның, қарт адамның тұрғылықты жеріне барады және тұрғын үй мен материалдық-тұрмыстық жағдайларды тексеру актісін жасайды. 

Тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылданады.

Жергілікті атқарушы орган арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығарған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу туралы және әлеуметтік қызметтер порталында үйде қызмет көрсету ұйымын авторизациялау және таңдау қажеттігі туралы хабарлама жібереді. http://aleumet.egov.kz арқылы жүзеге асырылады. Хабарламаны алғаннан кейін қызметтерді алушы бес жұмыс күні ішінде порталда ЭЦҚ арқылы авторизацияланады және үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыруды таңдайды.

Қызмет алушыда интернет-ресурсқа қолжетімділік болмаған жағдайда, қызмет алушы жұмыспен қамту бөлімінің өзіне-өзі қызмет көрсету секторына жүгінеді.

Таңдалған стационарлық үлгідегі ұйымда бос орын болмаған жағдайда, қызметті алушы ЭЦҚ арқылы порталда авторландыру жолымен өз бетінше кезекке тұрады.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету кезінде қызмет алушылардың жасы мен денсаулық жағдайы, ОЖБ-ның мазмұны, қозғалыс белсенділігінің төмендеу дәрежесі, тұру жағдайлары ескеріледі.

Дата обновления - 23.02.2024
Справочная информация
Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы
439