Жақын адамның жоғалып кетуінің алдын алуға көмектесетін ұсыныстар

Инструкция

Егер кәмелетке толмаған бала жоғалса

Ата-аналар келесі ережелерді ұстануы керек:

  • баланың достары, қызығушылықтары мен хоббилері туралы білу;
  • оның қайда және кіммен жүретінін бақылау;
  • үйге қайту уақытын алдын ала келісу;
  • ұялы телефонда ата-аналар мен полицияның нөмірлерін «жедел теру» қызметіне енгізу;
  • балаға өзінің аты-жөнін және үй мекенжайын жаттату;
  • жеке қауіпсіздік шаралары туралы үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • төтенше жағдайда кімнен көмек сұрауға болатынын түсіндіру;
  • баланың телефонына оның орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін қосымшаларды орнату.

Егде жастағы адамдар үшін

Келесі ережелерді сақтау ұсынылады:

  • үйде денсаулық жағдайына және қабылдайтын дәрі-дәрмектеріне қатысты медициналық құжаттардың көшірмелері болуы тиіс;
  • зейнеткер жиі баратын орындар туралы хабардар болу қажет;
  • көршілерінің байланыс деректерін білу және олармен ерекше жағдайлар туралы дереу хабарласу жөнінде келісу керек;
  • егер егде адамның деменция белгілері байқалса, оның қалтасында, сөмкесінде немесе әмиянында аты-жөні мен жақындарының байланыс деректері жазылған жазба болуы тиіс;
  • мұндай мәліметтерді киімнің ішкі жағына да тігіп қоюға болады.

Сонымен қатар, адам жоғалған жағдайда ең алдымен полицияға арызбен жүгіну қажет екенін еске саламыз.

Дата обновления - 23.07.2026
Справочная информация
330