Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды мынадай топтарға бөлуге болады:
- егде жастағы адамдар;
- психикалық аурулары бар адамдар;
- ата-анасының бақылауынан қашып кеткен кәмелетке толмағандар;
- интернаттар мен балалар үйлерінен кеткен балалар;
- елсіз жерде жоғалған балықшылар;
- денесін су ағысы алып кеткен және табылмаған суға кеткен адамдар;
- қолжетімділігі қиын жерлерде (жертөлелерде, электр қалқандарында, қалалық коммуникациялар коллекторларында және т.б.) қаза болған адамдар.
Сондай-ақ адамдар табиғи апаттар кезінде де жоғалып кетуі мүмкін.