Егер итті және / немесе мысықты ұстауды шешсеңіз немесе сізде бар болса, онда ұстау және серуендету қағидаларын білу және сақтау қажет.
Әрбір облыста және республикалық маңызы бар қалада қағидалар айырмашылықтарға ие, бірақ жалпы ережелер бірдей.
Бұл материалда иттерді Астана қаласы мысалында қалай ұстау және серуендету керектігін қарастырамыз. Мысықтарды серуендету қағидалармен реттелмейді, тіркеу, вакцинациялау қағидалары иттердікі сияқты.
Егер жануар өліп қалған болса, бұл туралы иттер мен мысықтарды бірдейлендірудің бірыңғай базасынан шығару үшін ветклиникға хабарлау қажет.
Иттер және/немесе мысықтардың өліктерін лақтырып тастауға, Астана қаласының аумағына көмуді жүзеге асыруға рұқсат берілмейді
Иттер мен мысықтардың өліктерін үй жануарларын аулайтын және жоюмен айналысатын мамандандырылған ұйымға тиісті құжаттар алумен әрі қарай жоюға тапсырылады.
Әрбір облыста және Республикалық маңызы бар қалаларда мәслихаттың шешімімен иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету Қағидалары бекітіледі. Егер жануарларды басқа облыстар мен қалалар бойынша ұстау ережелері қызықтырса, мұнда таныса аласыз.
Иттерді және/немесе мысықтарды зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау қажет.
Көп пәтерлі тұрғын үйлерде иттерге және/немесе мысықтарға арналған паналау және ұстау орындарын ұйымдастыруға жол берілмейді.
Иттерді және/немесе мысықтарды көпшілік пайдаланатын орындарда ұстауға тиым салынады :
Иттерді және/немесе мысықтарды жатақханалардың асүйлері мен дәліздерінде ұстауға болмайды. Жануарларды өзінің тұрғын алаңында және жатақханадағы тұратын көршілердің жазбаша келісімімен ұстауға рұқсат етіледі.
Итті кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтардың саябақ шаруашылықтары мен коммерциялық емес саяжайлар бірлестіктері аумағында, демалыс орындарында байлаулы түрде (бұл ретте ит тамақ пен суға еркін қол жеткізе алуы тиіс, байлау жануардың табиғи қажеттіліктеріне кедергі келтірмеуі тиіс) немесе жабық темір торда (вольерде) ұстауға болады. Аумақта иттің бар екендігі туралы кіре берісте тиісті тақтайшамен ескертілуі тиіс.
Кәдімгі иттің иесі 18 жасқа толған адам болуы мүмкін. Жануарлар саны бойынша ұстауға шектеу жоқ.
Егер сізде ит немесе мысық бар болса, барлық жануарларды иттер мен мысықтарды бірыңғай бірдейлендіру базасында тіркеу керек (мамандандырылған ұйымда немесе ветеринарлық емханаларда).
Жаңадан туған жануарларды 3 айлық жаснан бастап тіркейді.
Қолға ветеринарлық паспорт беріледі. Жануарды басқа адамға берген немесе олармен басқа жерге көшкен жағдайда, ветклиникке хабарлау қажет. Егер үй жануары өліп қалған жағдайда ветеринарлық паспорт бұрын жануар тіркелген ұйымға тапсыруға жатады.
Иттер және/немесе мысықтар үш айлық жасынан бастап, міндетті түрде құтыруға қарсы вакцинациялауға жатады.
Иттер мен мысықтарға кем дегенде тоқсанына бір рет тері паразиттері мен гельминттерге қарсы профилактикалық өңдеу жүргізу қажет.
Иттерді (жіпсіз және тұмылдырықсыз) еркін серуендетуге рұқсат етіледі:
Иесі итке тұмылдырықты үнемі кигізбеуіне болады, бірақ қажет болған жағдайда кигізу үшін өзімен бірге алып жүруі керек.
Серуендеу кезінде аулаларды, кіреберістерді, баспалдақ алаңдарын, лифттерді, балалар алаңдарын, жолдарды, тротуарларды, скверлерді, саябақтарды, демалыс аймақтарын ластауға болмайды. Меншік иесі өзімен бірге пакеттер алып, қажет болған жағдайда экскременттерді бірден алып тастау керек, пакетті қоқыс жәшігіне тастау керек.
Мас күйінде жүрген адамдарға иттерді серуендетуге және олармен қоғамдық орындарда және көлікте болуға тыйым салынады.
Иттерді серуендетуге рұқсат етілмейді:
Иттердің қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында, сервистік қызмет көрсететін азық-түлік дүкендерінің сауда және өндірістік залдарында, мәдени мекемелерде болуына тыйым салынады..
Тыйым салған ескерту белгісі жоқ мекемелер мен азық-түлік сатпайтын дүкендерде, поштада және тағы басқа орындарда иелері иттерін қысқа мойын жіпте және тұмылдырықта ертіп жүруге рұқсат етіледі
Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидаларын бұзу ескерту жасауға немесе 3 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге әкеп соқтырады.
Егер іс-әрекеттер жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіруге әкеп соқса, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Жануарлардың өлуіне немесе мертігуіне әкеп соққан қатыгездігі үшін иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қатыгездік танытқаны үшін жазаланады
Адамдар тобының немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе бірнеше рет жасаған іс-әрекеттері үшін жазаланады
Иттер, жай иттерден басқа, және иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін иттер ретінде Қағидаға сәйкес мынадай болып бөлінеді.
Ондай иттерге келесі тұқымды иттер жатады:
Мұндай иттер үшін қысқа жіппен және тұмылдырықпен, тек еркін серуендетуге арналған алаңдарда немесе жаттықтыру алаңдарында серуендетуге рұқсат етіледі. Қала аумағында еркін серуендеуге тыйым салынады. Иттің иесі ретінде тек 21 жастан асқан адам болуы мүмкін.
Иттер және / немесе мысықтардың иелері келесі талаптарды сақтауы тиіс: