Иттер мен мысықтарды ұстау қағидасының талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік

Инструкция

Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидаларын бұзу ескерту жасауға немесе 3 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге әкеп соқтырады.

Егер іс-әрекеттер жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіруге әкеп соқса, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Жануарлардың өлуіне немесе мертігуіне әкеп соққан қатыгездігі үшін иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қатыгездік танытқаны үшін жазаланады

  • 200 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салу,
  • сол мөлшерде түзеу жұмыстарына,
  • 180 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту,
  • 60 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу

Адамдар тобының немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе бірнеше рет жасаған іс-әрекеттері үшін жазаланады

  • 500 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салу,
  • сол мөлшерде түзеу жұмыстарына,
  • 300 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту
  •  90 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу.
Дата обновления - 09.12.2021
Справочная информация
94