Иттерді және / немесе мысықтарды қайда ұстауға болады

Инструкция

Иттерді және/немесе мысықтарды зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау қажет.

Көп пәтерлі тұрғын үйлерде иттерге және/немесе мысықтарға арналған паналау және ұстау орындарын ұйымдастыруға жол берілмейді.

Иттерді және/немесе мысықтарды көпшілік пайдаланатын орындарда ұстауға тиым салынады :

  • баспалдақ алаңдарында,
  • жертөлелерде,
  • шатырларда,
  • шектес қылтималарда немесе лоджияларда,
  • басқа да көпшілік пайдаланатын қосалқы үй-жайларда,
  • үй ауласының маңында.

Иттерді және/немесе мысықтарды жатақханалардың асүйлері мен дәліздерінде ұстауға болмайды. Жануарларды өзінің тұрғын алаңында және жатақханадағы тұратын көршілердің жазбаша келісімімен ұстауға рұқсат етіледі.

Итті кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтардың саябақ шаруашылықтары мен коммерциялық емес саяжайлар бірлестіктері аумағында, демалыс орындарында байлаулы түрде (бұл ретте ит тамақ пен суға еркін қол жеткізе алуы тиіс, байлау жануардың табиғи қажеттіліктеріне кедергі келтірмеуі тиіс) немесе жабық темір торда (вольерде) ұстауға болады. Аумақта иттің бар екендігі туралы кіре берісте тиісті тақтайшамен ескертілуі тиіс.

Дата обновления - 18.09.2024
Справочная информация
169